17
февраль
2022
ПІКІРТАЛАС
Біз білім алушыларымыздың Отанына деген құрметінің жоғары болып, ұлттық құндылықтармен бірге, барлық ұлттарға құрметпен қарауын қалаймыз. Осы мақсатта әртүрлі шараларды ұйымдастырамыз.
9 “Б” сынып оқушыларымен “Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті” тақырыбында пікірталас өтті. Іс-шараға Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Қасенова, педагог ұйымдастырушы М. Бектеміс қатысып, тақырып аясында пікір алмасу жүргізді. Ұлтаралық қарым-қатынас туралы және толеранттылық ұғымы жөнінде ақпараттармен бөлісті.
Білім алушылар өз ойларын білдіріп, өзара түсінушілік пен диалогтың маңыздылығына тоқталды. Ынтымақ пен бірліктің қажеттілігіне баса назар аударды.