30
август
2022
Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Қымбатты отандастар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Еліміздің Ата Заңы уақыт сынынан сүрінбей өтіп, тарихи дамуымыздың жалпыұлттық бағдарын айқындауда басты мәнге ие болып отырғанын дәлелдеді.
Ата заң елдігіміздің берік іргетасын қалай отырып, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Қазақстан қоғамын біріктіруге зор үлес қосты.
Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, игі бастамалар мен бақ-береке, игілік тілеймін!
Мектеп директоры М.Б. Құткелдиева