31
январь
2023
БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ
БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ
Қажетті құжаттар:
Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат;
кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
наркологиялық ұйымнан анықтама;
Ұлттық біліктілік тестілеуден педагог сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.