25
март
2023
Құрметті бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
Құрметті бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарына 1-сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірден бастап 1 тамызына дейін жүргізіледі.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGov порталы арқылы көрсетіледі.
Қажетті құжатттар тізімі:
1. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
2. 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты;
3. 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы)
4. 3*4 көлеміндегі фотосурет.
Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша Директордың бастауыш сынып бойынша орынбасары Ж. Диканбаева - +7 (747) 491-01-90