Тегін ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша сауалнама қорытындысы бойынша мәлімет
Тегін ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша сауалнама қорытындысы бойынша мәлімет
Сауалнама жасырын түрде жалпы білім беру қоры есебінен тегін тамақтанатын 5-11 сынып оқушылары арасында жүргізілді. Жалпы сауалнамаға 118 оқушы қатысты. Сауалнама нәтижесінде:
- Біздің мектептің асханасында тамақтың дайындалуы саған ұнайды ма? деген сұраққа 105 оқушы иә, 13 оқушы жоқ деп жауап берді.
- Асханада дайындалатын қандай тағамның түрлері саған қатты ұнайды? деген сұраққа басым көпшілігі палау, котлет, үй қуырдағы деп жазды.
-Асханада қалыпты тамақтану қанша уақытты алады? 68 оқушы 15 минут белгілесе, 50 оқушы 10 минут деп жауап берді.
- Мектептің асхана қызметкерлерінің қарым-қатынасы ұнайды ма? деген сұраққа 94 оқушы иә деп жауап берсе, 24 оқушы жоқ деген жауаптар берген.
- Дұрыс тамақтанбаудың қандай ауруларға апаратындығын білесің бе, олардың атауларын келтір деген сұраққа: асқазан ауруы, іш, бас аурулары, бой өспей қалады, семіздікке апарады, өт толады т.с.с деген жауаптар берген.
Нәтижесінде асхана жұмысын (тегін ыстық тамақты) ұйымдастыруда алынған жауаптар ескерілді.