18
ноябрь
2021
Табиғатты аялау
Біз - өз білім алушыларымыздың табиғатты аялауына ынталандырамыз. Бұл үрдіс болашақта оқушыларымызға ерекше ұмтылыс береді деген сенімдеміз.
1 «А» сынып білім алушыларымен табиғат көркі құстар туралы сабақ өтіліп, құстардың пайдасы мен оларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу мақсатында ата-аналарының көмегімен ұя жасалып, ағаш бастарына ілінді.
Бұл құстарға деген үлкен қамқорлық. Мектеп табалдырығын енді аттап білім алып жатқан балалар үшін үлкен тәрбие.
Табиғатқа деген қамқорлықты сезіну, көмек жасай білу дегеннің не екенін қазірден үйреніп, сезіне білу де білім беруде үлкен рөл атқарады.
Сынып жетекшісі: Ауғанбаева Гүлжан