11
январь
2022
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысына қатысты
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысына қатысты
Пленарлық отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты Премьер-министр лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысы жаңа Үкіметке саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы және ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелерді шешу үшін нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктеді. Сөз соңында қайғылы күндері бірлік танытқан қазақстандықтарға шынайы алғысын білдірді.
"Жуық арада болған қайғылы оқиғалар кезіндегі экстремистермен күресте азаматтарымыздың көпшілігі патриоттық танытты. Халықтың бірлігі, Қазақстанның тәуелсіздігі мен егеменді дамуы идеясына деген шынайы сенімі – еліміздің дамуы мен қоғам болып ұйысуының мықты іргетасы. Біз барлық қиындықты бірлесе еңсереміз. Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
20ОртаМектеп ұжымы Мемлекет басшысының шешіміне қолдау білдіріп, Тәуелсіз еліміздің бейбітшілік жолында өсіп-өркендеуіне үлес қосуға әркез дайын екендігімізді білдіреміз. Халқымыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Біз Президентіміз және елімізбен біргеміз!
Жаңа Қазақстанды Бірге құрайық!
@ile_akimat