Мектеп бітірушіге арналған жадынама » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №20"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Мектеп бітірушіге арналған жадынама
24
апрель
2017

Мектеп бітірушіге арналған жадынама

1. Тестілеуге өтініш беру 
  • Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ЕНТ) қатысу үшін өтініштер 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында белгіленген үлгідегі бланкіде қабылданады.
  • Өтініш білім алып жатқан білім беру мекемесінде толтырылады.
Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • 2 фотосурет (3х4 өлшемді)
Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін тестіленушіге: 
  • бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;
  • тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.
Тіркелу анықтамасын алғаннан кейін аты-жөніңіздің, әкеңіздің атының дұрыс жазылғанын тексеріңіз, себебі бұл мәліметтер сертификатқа және білім беру грантының куәлігіне жазылады және жеке басыңызды куәландыратын құжатқа сәйкес болуы қажет.
 
2. ЕНТ-ны өткізу тәртібі
  • ЕНТ пәндері 2 блоктан – 5 пәннен тұрады (3 міндетті пән және тандау бойынша 2 бейінді пән)
1 – блок (міндетті пән)
  1. Қазақстан тарихы
  2. Математикалық сауаттылық
  3. Оқу сауаттылығы
2 – блок (таңдау пәні)
  1. Бейінді пән 1 
  2. Бейінді пән 2 
Бейінді пәндер (Математика, Физика, Биология, Химия, География, Тарих, Ағылшың/Неміс/Француз тілі, Адам.Қоғам.Құқық, Қазақ тілі және әдебиеті, Орыс тілі және әдебиеті) ЕНТ немесе кешенді тестілеудің бейінді пәндері жоғарғы оқу орындарының мамандықтар тізбесіне қарай таңдалады.
  • ЕНТ қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсыруға болады.
  • Тест тапсырмаларының саны – 120
  • Максималды  балл  саны - 140
 3. Тестілеудің  мерзімі мен ұзақтығы
  • Тестілеу ЕНТ өткізу пунктерінде (ЕНТӨП) 20 маусым -  1 шілде аралығында өткізіледі.  
  • ЕНТ-ның басталу уақыты  – сағат 09.00 (жергілікті уақытпен )
  • ЕНТ-ға бөлінетін уақыт – 3 сағат 50 минут.
  • Тестіленушіге дәлелді себеппен ( әжетханаға, медициналық бөлмеге) шығуға тек уәкілетті тұлғаның алып жүруімен тестілеудің бірінші сағатынан кейін 1 сағат 30 минут ішінде рұқсат етіледі. Осыдан кейін тестілеу аяқталғанша аудиториядан шығуға рұқсат етілмейді.
  4.Тестілеудің нәтижелерін жариялау
  • Емтихан материалдарын өңдеу аяқталған соң тестілеу нәтижелерімен танысуға болады:
  • ЕНТӨП ақпараттық қабырғаларында (емтихан ведомостері)
  • Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында. Тестіленуші нәтижесін  көру үшін ТЖК (рұқсаттамада көрсетілген) мен ЖСН енгізу қажет.
  5. Апелляция
  • Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтінішті тестіленушінің өзі тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13:00 дейін бере алады және апелляциялық комиссия өтінішті бір тәулік ішінде қарастырады. 
  • Өтініш беруші өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ЕНТ-ға кіру рұқсаттамасын әкелуі керек.
  • Апелляцияға өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебін және негіздемесін) көрсету қажет.
   6. Сертификат
  • ЕНТ нәтижесі туралы сертификат.
  • Сертификаттың жарамдылық мерзімі – ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.
  • Сертификатты ламинаттауға тыйым салынады.
  7. Шығармашылық (арнаулы) емтихан
  • Шығармашылық дайындықты талап етуші мамандықтарға түсушілер шығармашылық емтихан тапсырады.
  • Шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі және емтихандарды өткізу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
  • Шығармашылық емтихан және өтініштерді қабылдау  оқуға жоспарланған ЖОО-да тапсырылады.
Шығармашылық емтиханның мерзімі:

Өтініштерді қабылдау 20 маусымнан 7 шілдеге дейін;
Емтихан 8 шілдеден 13 шілдеге дейін.
  • Шығармашылық мамандықтарға түсетін түсушілер үшін: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) тестілеу блогы бойынша балдар ескеріледі.
  • Әрбір шығармашылық емтиханнан максималды бал – 40.
  • Шығармашылық емтихан ескергендегі максималды бал – 120.
  • Педагогикалық мамандықтарға түсуге жоспарлаған түсушілер үшін бір арнаулы емтихан (педагогикалық жағдайды шешу)  ЖОО орнында өткізіледі.
Арнаулы емтиханның мерзімі:
  • Өтініштерді қабылдау және емтихан 20 маусым мен 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
  • Арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деп бағаланады.
8. Кейбір жаңалықтар

Ағымдағы жылы ЕНТ – ны жалпы негізде тапсырады:
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары;
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары;
  • «Алтын белгі» иегерлері;
  • АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі» бітірушілері
  • Халықаралық мектеп бітірушілері
Ескертпе:  Бұл тұлғалардың басым құқығы білім гранттарының тағайындау конкурсында басқа талапкерлермен балдары бірдей болған жағдайда ғана ескеріледі.
 
9.Жоғары оқу орындарына түсушілер
 
Жоғарғы оқу орнына түсу үшін шекті бал:
  • 50 баллдан кем емес ( «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 бал);
  • Ұлттық жоғарғы оқу орындарына түсу үшін кемінде – 65 бал («Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары», «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 бал);
Білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа өтініштер қабылдау 23-31 шілде аралығында жүргізіледі.
Білім беру грантының иегерлерінің тізімі 10 тамыздан соң бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда»), сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz  сайтында жарияланады. 
 
10. ЕНТ қайта тапсыру
  • Шектік баллды ала  алмағандар, нәтижелері жойылғандар және ЕНТ – ға қатыспағандар ЕНТ қайта тапсыра алады.
  • ЕНТ қайта тапсыру мерзімі:
Өтініштерді қабылдау 1 - 8 тамыз аралығында; Тестілеу 19 -24 тамыз аралығында жүргізіледі.
  • ЕНТ қайта тапсыру кезінде шектік баллды ала алмаған түсушілер бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін қайта тапсыра алады.
  • ЕНТ қайта тапсыру мерзімі:
Өтініштерді қабылдау 5 қаңтардан 12 қаңтарға дейін;
Тестілеу 20 - 24 қаңтар аралығында жүргізіледі.
 
Назар аударыңыз!!!

 
Сіз тестілеуден өту үшін ЕНТӨП-ке рұқсаттамада көрсетілген күні өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алып  келуіңіз керек: 
  • ЕНТ-ға кіруге рұқсаттама;
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • қара немесе көк  сиялы қалам;
ЕНТ кезінде тыйым салынады: 

  • рұқсатсыз және уәкілетті тұлғаның ілесіп жүрусіз аудиториядан шығуға;
  • бір орыннан  басқа орынға ауысуға, сөйлесуге;
  • Тестілеу аяқталғанға дейін емтихан материалдарын сыртқа алып шығуға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіруге;
  • Аудиторияға анықтамалық әдебиеттер мен оқулықтар, шпаргалкалар, тестілеудің мазмұнына және оның дұрыс жауаптар кодымен алатын мәліметті, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad, iPod, iPhone, SmartPhone)  ноутбук, плейер,модем алып кіруге және қолдануға;
  • Кез-келген радио-электронды байланыс түрін қолдану (Wi-Fi, Bluetooth, Dect, 3G, 4G, 5G);
  • Емтихан материалдарын (жауап парақтары мен  кітапшалар) умаждау, корректор сұйығын қолдану арқылы, кітапшаның бетін жырту, жауап парағында бояуға қарастырылмаған секторды бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлінуіне жол беруге.
Көрсетілген материалдар мен құралдарды пайдалануға аудиторияларда ғана емес, ЕНТӨП-тегі тестілеудің барлық кезеңінде тыйым салынады.
 
Ескерту!!!
  • Тестіленушіден тыйым салынған заттар табылғанда және аудиторияда тәртіп сақтау ережесін  бұзған жағдайда, тестіленуші актімен аудиториядан шығарылады, ал оның тест нәтижелері жойылады.
  • Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде тестіленуші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда оның тестілеу нәтижесі өңделмейді.
  • Тест барысында бөгде тұлға анықталған жағдайда, бөгде  тұлға  және орнына бөгде тұлғаны кіргізуге заңсыз әрекет жасаған  тестіленуші тестілеуге  жіберілмейді.Тестілеу барысында бөгде тұлға анықталған жағдайда, бөгде тұлға тестілеуден шығарылып, нәтижесі жойылады.
 
Дайындық үшін!!!

ЕНТ жаңа форматтағы тест тапсырмаларымен дайындалу үшін:
  • Онлайн байқау сынағы; (толық ақпарат http://www.testcenter.kz/entrants/ent-kta-try-online/ );
  • Кітапшалар мен жауап парақтары; (Ұлттық тестілеу орталығының филиалдары арқылы (ЕНТӨП);
  • Оқу – әдістемелік құралдар.
Байқау сынағының бағасы және төлем жасау жолдары:
  • Онлайн байқау сынағының бағасы – 260 теңге, төлемді АҚ «Халық банкі», АҚ «Казпочта» немесе «Касса 24» терминалдары арқылы жасасаңыз болады.
  • Кітапшалар мен жауап парағының бағасы – 351 теңге, төлемді АҚ» Халық банкі» , АҚ « Казпочта» арқылы жасайсыз.
  • Оқу – әдістемелік құралдары ағымдағы жылдың наурыз – сәуір айларында шығарылады.Бағасы -414 теңге. Төлем АҚ «Халық банкі» немесе АҚ « Казпочта» арқылы жасалады.
  • ҰТО филиалдарының мекен – жайы (ЕНТӨП) http://www.testcenter.kz/about/filialy/ 
ЕНТ – ның жаңа форматы жайлы толық ақпарат:
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі http://edu.gov.kz/ru
  • Ұлттық тестілеу орталығы http://www.testcenter.kz/
   
Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырып жоғары оқу орындарына түсуіңізге тілектеспіз!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив