15
November
2021
Ұлттық валюта күнімен!
Бүгінгі күн еліміздің күнтізбесінде де, тарихында да орны бөлек ерекше күн.
1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. Бұл күн қазақстандық валютаның дүние есігін ашқан күн болып естептеледі.
Ұлттық валютаны «теңге» деп атауды ұсынған - Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов болды.
Тәуелсіздігіміз бен теңдігіміздің символы болған төл теңге егеменді ел екендігіміздің шынайы айнасы болды және бола бермек.