Teachers » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Almaty region
Municipal public institution
"Secondary school №20"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
Республикалық кезеңге жолдама алды
06
December
2023
Республикалық кезеңге жолдама алды
 Республикалық кезеңге жолдама алды Дарынды шәкірт - мектеп мақтанышы.   Математика пәнінен 10-11 сынып оқушылары арасында өткен АЛТЫН ТҮЛЕК олимпиадасының өңірлік кезеңінде 10 сынып оқушысы Әмірәлі Айгерім, 11 сынып оқушысы Рахметолла Мирас 1-орын иеленіп, Республикалық кезеңге жолдама жеңіп алды.  Жетекшілері математика пәнінің мұғалімдері Б. Бауыржан, Е. Раушановқа үлкен алғыс білдіріп, сәттілік тілейміз!
Озық тәжірибемен бөлісті
03
December
2023
Озық тәжірибемен бөлісті
 Талдықорған қаласында «1000 мектепке әдістемелік қолдау»  жобасы аясында  «Білім сапасын мониторингтеу – мектепішілік бақылаудың тиімді құралы»  тақырыбындағы мектеп директорларына арналған өңіраралық семинарда мектебіміздің директоры М.Б. Құткелдиева «Мектепішілік бақылау- білім сапасының кепілі»  тақырыбында  өз тәжірибесін бөлісті.  Мейрамгүл Бекбатырқызына озық тәжірибе таратудағы еңбегі үшін алғыс білдіреміз!
Ұстаз - шәкіртінің айнасы
10
November
2023
Ұстаз - шәкіртінің айнасы
Ұстаз - шәкіртінің айнасы.  Мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Бауыржан Біржан математика пәні мұғалімдерінің  аудандық “Эйлер” шығармашылық конкурсында жүлделі  орынды иеленді.  Әріптесімізді құттықтаймыз!
🎙️Үндеу
11
April
2023
🎙️Үндеу
Үндеу Құрметті, «№20 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ұжымы, ауыл тұрғындары!  Сіздерді, 2023 жылдың 10-сәуірі мен 17- сәуірі аралығында ұйымдастырылған «Адамдарға қуаныш сыйла!» қайырымдылық апталығының басталғандығын хабарлаймыз! Акцияның мақсаты – әлеуметтік осал топтағы оқушылардың, әлеуметтік себептері бойынша  мектепке келмеуінің, қиын өмірлік жағдайлардың алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Барша мұсылман қауымы үшін маңызы жоғары Рамазан айымен
Аудандық “Best ұстаз - 2023”байқауы
23
февраль
2023
Аудандық “Best ұстаз - 2023”байқауы
Шығармашыл ұстаздар оқушылардың ғана емес, мектеп ұжымы, ата-аналарымыздың мақтаныштары.  Аудандық “Best ұстаз - 2023”байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж. Акылова жүлделі  орын иеленсе, математика пәнінің мұғалімі А. Бокаева  орын иегері атанды.  Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!
Cыныптар рейтингінің қорытындысын жариялаймыз.
18
февраль
2023
Cыныптар рейтингінің қорытындысын жариялаймыз.
 “Мектеп. Мұғалім. Оқушы” акциясы аясында бастау алған сыныптар рейтингінің қорытындысын жариялаймыз.   Ағымдағы апта бойы төмендегі критерийлер бойынша сыныптар толыққанды бақылауға алынды:  - сынып оқушыларының сабаққа қатысуы; - мектеп ережесінің сақталуы; - мектеп формасы, талапқа сай оқушылардың шашүлгісі; - сынып тазалығы; - сынып активтерінің жұмысы мен қоғамдық жұмыстарға қатысу көрсеткіші.   Аутсайдер сыныптар тізіміндегілер тиісті ескертулерді орындамағаны үшін, қатаң бақылауға
Әдістемелік күн өткізілді
06
февраль
2023
Әдістемелік күн өткізілді
 Мектепте информатика, физика ӘБ онкүндігінің аясында «Жаңа формация мұғалімі-құзіреті қалыптасқан тұлға» тақырыбында әдістемелік күн  өткізілді.  Информатика пәні мұғалімдері Е.Т.Ескермес пен А.С. Тұрсынбай ҚМЖ жазуға қойылатын талаптар және сабақта қолдануға тиімді платформалар туралы тәжірибе бөлісті. Ал ДӘІЖО Г.А.Абдраймова «Сабақ талдау- мұғалімнің әдістемелік шеберлігін арттыру құралы» тақырыбында қазіргі сабақ талдауда ескерілетін қағидалар  бойынша әдістемелік кеңес беріп, тиімді
Жеңіспен оралды!
05
февраль
2023
Жеңіспен оралды!
Біз білім алушыларымыздың әрбір жеңісін айрықша бағалаймыз. Оларға әркез қолдау білдіруге дайынбыз. Ili districtбойынша мектеп лигасының 7-8 сынып арасындағы өткен аймақтық қыздар волейбол жарысында мектебіміздің оқушылары  орын иеленді. Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сарманов Аманкелдіні шын жүректен құттықтап, шәкірттерінің биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!
"Қазақ үні" газетіне жарыққа шықты
03
февраль
2023
"Қазақ үні" газетіне жарыққа шықты
 Мектебіміздің 11"Г" сынып оқушысы Мұрат Аружанның 3 мақаласы "Қазақ үні" газетіне жарыққа шыққан болатын. 1. "Жаңа Қазақстанның жастары қандай болуы қажет?" Мақала N42 (1017) 17.10.22 ж. 2. "Болашағың өз қолыңда" тақырыбында мақала N47(1022) 21.11.2022 ж. 3. "Ауылымның ахуалы қалай?" тақырыбындағы мақаласы N5(1031) 30.01.2023 жылы жарыққа шықты.  Еліміздің президенті Қ. Тоқаевтың бастауымен мақаласын  ауылдың дәстүрлі  қазақ қоғамындағы ежелден қалыптасып келе жатқан қауымдастық екенін сөз
“Best информатика пәнінің мұғалімі 2023”
02
февраль
2023
“Best информатика пәнінің мұғалімі 2023”
 Біз ұжымымыздағы әрбір әріптесіміздің кәсіби біліктілігінің жоғары екендігін мақтан етеміз. Ұстаздарымыз әркез бәсекеге қабілетті. Информатика пәнінің мұғалімі Тұрсынбай Әлихан аудандық “Best информатика пәнінің мұғалімі 2023” байқауында БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Білім саласындағы айрықша еңбегі мен талантты шәкірттерінің көп болуына тілектестік білдіреміз!