12
февраль
2022
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП
Біз білім алушыларымыздың кітап оқуына ерекше мән береміз. Әркез түрлі шараларды ұйымдастыруға дайынбыз.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасы «Мақал-сөздің мәйегі» атты 5 В және 5 Д сынып оқушылары арасында сайыс ұйымдастырды.
Мақсат - оқушыларға халық ауыз әдебиетін насихаттау.
Мақал-мәтелдер-халық ауыз әдебиетінің қазыналы байлығы. Мақал-мәтелді біліп өскен, соның мәйегін жастайынан қүлағына құйып өскен бала өсе келе алды-артын ойлауға машықтанып, дұрыс шешім қабылдауға дағдыланады.