20
февраль
2022
БӘРІ МЕКТЕП ҮШІН!
Бәрі мектеп үшін! “20Мектеп Парламенті” экология және еңбек фракциясының жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Сахиева Ж., аталмыш фракция көшбасшысы 10 В сынып оқушысы Құрбаш Б. кезекті көктемге көшет дайындау науқанын бастады. Жоба арқылы мектеп ауласына жаңа гүлдер отырғызылу жоспарлануда.
Мектебіміздің ұстаздары мен білім алушыларының жүйелі жұмысы нәтижесінде, оқу ордамыздың жайлы атмосферасы қалыптасты. Барлық қабаттар мен оқу кабинеттері, фойе, мектеп ауласына гүлдер отырғызылып, бапталуда.
Фракция жұмысына сәттілік тілейміз!