13
May
2022
Тәжірибе алмасты
Мектептегі тәрбие жұмысының басым бағыттары - жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар, тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының бағытын қамтиды.
Әр бағыт білім алушыларды жан-жақты қабілетті, рухани-адамгершілігі мол, білімді етіп тәрбиелеуде маңызды рөл ойнайды. Тәрбие саласында өзара тәжірибе алмасу аса маңызды.
Осы мақсатта Алматы облыстық “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тренері Адыбаева Лаззат Дүнгенбаевна, Almaty region аудандары мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, біліктілікті арттыру курсының қатысушылары @20ortamektep -ке іс-тәжірибе алмасу үшін арнайы келді. Қонақтарға мектепте тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы, өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс бағдары, Өлкетану мұражайы, “Оқуға құштар мектеп” жобасының мектептегі жүзеге асырылу барысы таныстырылды. Аталмыш шарада, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен біліктілікті арттыру курсына қатысушылар үшін арнайы тренинг өткізілді. Өзара тәжірибе алмасуға негізделген іс-шарада мектебіміздің оқу-тәрбие үдерісі негізіндегі артықшылықтары, жетістіктері таныстырылды.
“Біз шын мәнінде, жаңа буын өкілдері саналатын мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару қабілеттерін көре алдық. Оқу-тәрбие үдерісінің әрбір бағыты бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғандығы көрініп тұр. Біз тек қана сәттілік тілейміз” -деді Алматы қаласындағы “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тренері Лаззат Дүнгенбайқызы.