18
May
2022
«Мен мұғаліммін» конкурсы
Жас мамандар арасында өткен мектепішілік «Мен мұғаліммін» конкурсы аяқталды
Жас мамандар арасында өткен мектепішілік «Мен мұғаліммін» конкурсы да өз мәресіне жетті.
Конкурс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде жас мамандар «Шығармашылық жолдың бастамасы» немесе «Мен -мұғаліммін» тақырыптарына эссе жазып, үздік эссе иегерлері екінші кезеңде бақ сынады.
«Ұстаздық жолдағы шеберлік» айдарымен өткізілген екінші кезеңде ашық сабақтар өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Нәтижесінде, шығармашылық ізденістері мен белсенділік танытып, үлгілі сабақтар өткізген жас мамандар мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы тарапынан І, ІІ, ІІІ орындармен және "Ізденімпаз мұғалім", «Жаңашыл мұғалім», «Креатив мұғалім» номинацияларымен марапатталды.
Жастарымызға шығармашылық шабыт, толағай табыс тілейміз!