01
September
2020
Мектептерге жол тартқан автобустар
Халқымызда «Білім - өмір шырағы» деген дана сөз бар. Қолымыздағы шырақ жарқырай жанса, қандай жағдайда да адаспай жүріп жол табарымыз анық. Еліміздің дамуын да білімсіз елестету мүмкін емес. Ел ертеңін ойлаған мемлекет болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына, салауатты өмір сүруіне жағдай жасайды. Қазіргі кезде білім саласына баса назар аударылып, ұстаздар мен оқушылардың алаңсыз білім алуына жағдай жасалуда. Соның бір куәсі, бүгін 1 қыркүйек – Білім күнінде ауданымыздағы оқушылар үшін жаңа автобустар сатып алынып, олардың кілтін Іле ауданының әкімі Б.Ә.Қарасаев мырза салтанатты түрде мектеп директорларына салтанатты түрде табыстады. Алынған автобустар оқушыларымыздың мектеп пен үйлері арасындағы тасымалды тегін әрі қауіпсіз ұйымдастыру қызметін атқарады.Жоғарыда аталған игі іске қуанған ата-аналар аудан әкімі Б.Ә.Қарасаевқа, аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Каткееваға жүрекжарды алғыстарын білдіріп отыр.Жаңа 2020-2021 оқу жылының алғашқы күні осындай қуанышпен басталғанын жақсылыққа жорып, биылғы оқу жылы сәтті жыл болар деген сенімдеміз. Мектептерге жол тартқан автобустар оқушылар игіліне жарасын деп ақ жол тілейік.