16
февраль
2021
"Саналы ұрпақ"
Almaty regionның білім басқармасының Ili districtбойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «№20 орта мектеп» МКМ «Саналы ұрпақ» тобы сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тартуды қалыптастыру мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыруда әлеуметтік жоба түсірді. Адалдықтың ақ туын жықпай, қашанда арды, адамгершілікті биік тұтқан ұлтымыз үшін ұрлық істеу, өзгенің дүниесін сұраусыз алу – өрескелдік, қалыптасқан қағидаға сай тәрбиесіздіктің белгісі екендігі хақ. Сол себепті де халқымыз «Біреудің ала жібін аттама», «Ұрлық түбі – қорлық» деп, өскелең жастардың құлағына адамгершілік қағидаттарын құйып, жаман әдеттен жиреніп, жақсы істерге ұмтылуға үндеген. Ықылым заманнан бері кісі бір нәрсе тауып алса, оны өзі иемденбес бұрын үш рет кімдікі деп сұрау қажеттігі жазылмаған заңдылық. Сондықтан да өзге бір жанның әмияны байқаусызда түсіп қалса, өз қалтаңызға сүңгітіп жіберуден аулақ болыңыз, жас өскін! Дүниесін жоғалтқан жанға жанашырлықпен қол созыңыз! Адамдық пен ақиқаттың ақ жолынан адаспай, білім алуға, адал еңбек етуге ұмтылғаныңыз жөн, саналы ұрпақ!