05
октябрь
2021
Инспектормен кездесу
Кәмелеттік жасқа толмағандар учаскелік инспекторы 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Оқушылардың құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында жасөспірімдерді қылмыстық әрекеттерден бойларын аулақ ұстауға шақырды. Қылмыстық жауапкершіліктердің түрлерімен таныстырды.
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.
Жиналыс барысында қылмыстың алдын алу, баланың бұрыс жолға түспеуі ата-ананың мектеп пен бірлескен іс-қимылына байланысты екендігі туралы айтылды.