18
сентябрь
2021
«Бірге таза Қазақстан!» экологиялық жобасы аясында #20OrtaMektep ұжымы сенбілік өткізді.
18 қыркүйек - World clean up day Дүниежүзілік акциясына орай дәстүрлі«Бірге таза Қазақстан!» экологиялық жобасы аясында #20OrtaMektep ұжымы сенбілік өткізді.
Дүниежүзілік акцияның мақсаты - экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу.
Сенбілік қоршаған ортаның ластану проблемасына, өлкеміздің табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аударуға мүмкіндік берді.
Сенбілік барысында мектеп ұжымы мектеп аумағын, спорт алаңшасын, мектепке қарасты көлік тұрағын толықтай қоқыстан тазартты. Жол жиектерін ақтап, талапқа сай тазарту жұмыстарын жүргізді.
Айта кету керек, барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынды.