18
сентябрь
2021
«Бірге таза Қазақстан!» экологиялық жобасы аясында #20OrtaMektep ұжымы сенбілік ұйымдастырады.
18 қыркүйек - World clean up day Дүниежүзілік акциясына орай жыл сайынғы «Бірге таза Қазақстан!» экологиялық жобасы аясында #20OrtaMektep ұжымы сенбілік ұйымдастырады.
Дүниежүзілік акцияның мақсаты - экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу.
Сенбілік қоршаған ортаның ластану проблемасына, өлкеміздің табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аударуға мүмкіндік береді.
Осыған орай баршаңызды мектеп тазалығы үшін сенбілікке белсене атсалысуға шақырамыз.
Айта кету керек, барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынады.