17
июнь
2017
Мектеп бітіру кеші - 2017
Мектеп бітірушілер құрметіне арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздеріне 25 жыл толуына арналған салтанатты жиыны
№20 орта мектепте 15 маусым күні сағат 21:00 де мектеп бітірушілерге арналған салтанатты жиыны басталды. Жиынның құрметті қонақтары Білім бөлімінің әдіскері-Құткелдиева Мейрамгүл Бекбатыровна, Мейірманов Ерлан-округ әкімінің орынбасарының міндетін атқарушысы, Шанышқұл Мақсұт-Округ әкімі аппаратының бас маманы, Бейсенбаев Ж-Іле ауданының құрметті азаматы,Пазылбеков Жақыпбек-Ардагерлер кеңесінің мүшесі келді. Жиынның ашылу салттанатты құттықтау сөзін мектеп директоры А.Ж.Керимкулова бастады. 2016-2017 оқу жылының мектебіміздегі жетістіктер мен мараппаттарын, биылғы жылы 83% білім сапасымен оқу жылы аяқталғанын, жақсы нәтижеге жету үшін әлі де талай еңбек ету керек екенін, Ұлттық Бірыңғай Тестілеу сынағының қортындысында жақсы нәтиже көрсететіне түлектерге ақ жол тіледі. Мектебіміздің 11 ә сынып оқушысы Тлеубергенова Жанарға және 11в сыныпр оқушысы Шәріпханова Айданаға «Алтын белгі» төс белгісі беріліп, аттестаттары тапсырылды. Аудан қонағы Құткелдиева Мейрамгүл Бекбатыровна- білім бөлімінің әдіскері үздік аттестат иегерлері Тоқсейіт Нүргүл, Даулетхан Нұрзада, Рейімкулова Ақбота, Сиылхан Ақмаралға, Зауырбекова Данаға үздік аттестаттарын тапсырып, құттықтау сөзін арнады. Мектеп бітіруші түлектердің орта білім бітіру аттестатын тапсыру рәсіміне жиынға келген қонақтарғада сөз беріліп, құттықтау сөздерін арнады.Жиында құттықтау сөз «Алтын белгі» иегері және ерекше үлгідегі үздік аттестат иегерлері берілді. Мектеп бітіруші түлектер мен қонақтар құрметіне бітіруші түлектердің сынып жетекшілері арнау сөздерін айтып, жиынға келген ата-аналарына арнайы сөз беріліп, тілектер айтылды.
Сонымен қоса, мектеп бітіруші түлектерге алғашқы ұстаздары бастауыш пәні мұғалімі Сұлтанбаева Құралай арнайы жылы лебізін білдіріп, құттықтау сөзін арнады. «Алтын белгі» және үздік аттестат иегерлерінің ата-аналары мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, ақ ата батасын берді. Ата-аналар тарапынан шашу шашылып, мектеп бітіруші түлектер «Қоштасу вальсі» аяулы ұстаздар мен қонақтарға арналды. Жиында мекрекелік әндер мен билер орындалды.Атап айтсақ, Республикалық «Нұрлы Жастар» «Сырым бар жүрегімде...» атты ән-би байқауында 3 дәрежелі лауреаты 10ә сынып оқушысыАманкелді Айгерім «Мектебім!» әнін, ән-би байқауының эстадалық вокал номинациясының иегері Бисенов Рахманның орындауында «Дүр қамшы!» әні, «Қазақ» биі және «До-ре-ми» биін орындап, Республикалық «Тәуелсіздік -тұғырым» атты ән-би байқауының жасөспірімдер арасында 1 орын иегері Қуатбаева Ақерке орындауында «Қуанышым!» әні, « Дүр қамшы» әндері жанды дауыста орындалып, жиын қонақтарының ыстық лебіздерімен ұласып, мерекелік салтаннатты жиынан аяқталды.
Мектеп бітірушілер құрметіне арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздеріне - 25 жыл толуына арналған салтанатты жиынға кезекшілік кестесі бойынша сағат 21:00ден таңғы 5:30ға дейін мұғалімдер кезекшілік атқарды. Сонымен қоса, Іле ауданының ішкі істер полициясынан құқық бұзушылықтың орын алдырмау мақсатында инспекторлар кезекшілік атқарды. Жиында ешқандай құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдай орын алған жоқ. Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары алғыстарын білдіріп, жиын өз дәрежесінде аяқталып, үйлеріне таратылды.