Сыңғырла, соңғы қоңырау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл толуына арналған
25-мамыр «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты соңғы қоңырау
салтанатты жиыны
№20 орта мектепте «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясына және тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған 25 мамыр күні сағат 9.00 де «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны басталып, 9:45 те аяқталды. Салтанатты жиын қонақтары:
1. Құткелдиева Мейрамгүл Бекбатыровна-Білім бөлімінің әдіскері
2. Жақыпбеков Диас-Округ әкімі аппаратының бас маманы.
3.Біржанова Алтын-жергілікті қоғамдастық мүшесі
4.Пазылбеков Ж-Ардагерлер кеңесінің мүшесі
5. Ниязбек Махмудхан - Ардагерлер кеңесінің мүшесі
6.Камалбек Арман- ТҮКШ бөлімінің басшысы-келіп қатысты.
Мектепішілік кезекшілік құрылып, салтанатты жиында Мемлекеттік туды 1 сыныптар енгізіп, мемлекеттік туды 10 сынып оқушылары қабылдап алу рәсімін жасады. Салтанатты жиында мерекелік арнаулар, жалынды сөздер, 11 сынып түлектері шақырылып, «Білім кілті» табысталып,ата-аналарға сөз беріліп, жылдың үздік мараппаттаулары мұғалімдерге табысталып, қоштасу вальсі орындалып, соңғы қоңырау соғылды. Соңғы қоғырау соғу рәсімі 1 сыныптардан 18 сынып оқушысымен 11 сынып оқушылары соңғы қоңырауды соқты. Лучший ата-ана номинациясын алған ата –ана құттықтау сөзін арнап, патриоттық «Туған ел», «Мектебім-алтын ұям!», «Қазақстан!» әндері орындалып, патриоттық әнімен 11 Б сынып оқушысы оқу екпіндісі, Халықаралық «Ғұмырдария» байқауының 2 орын иегері, «Бозторғай» байқауының лауреаты, 2016 оқу жылының мектепішілік «Лучший өнерпаз-2017»иегері Бисенов Рахманның орындауында «Батырлар ұраны» әні орындалып,салтанатты жиын өз дәрежесінде аяқталды. Бейбітшілік ұраны ретінде 11 сынып түлектері әуеге шар ұшырды.