Жаздық лагерь » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Almaty region
Municipal public institution
"Secondary school №20"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Жаздық лагерь
17
June
2017

Жаздық лагерь

Мектепішілік «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының ашылуы туралы мәлімет

 

      1 маусым сағат 9:00де Мектепішілік «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының ашылуы мектеп ауласында өткізілді. Алаңға мектеп 1-6 сынып оқушылары және алаң қызметкерлері мен құрметті қонақтар мен ата-аналар қатысты. Ашылу мерекесімен мектеп директоры А.Ж.Керимкулова құттықтап, бүлдіршіндерді алаңға белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарынайтты. Салтанатты жиында балалардың сүйікті кейіпкерлері Кунфу панда, Спанч боб, Шрэк және Фиона кейіпкерлерін сомдаған ұстаздар балаларды қызықтырып, ойындар ойнап, сыйлықтар беріп, ән айтқызып, билетіп, оқушылармен қызықты әсерде естерінде қалатындай ұйымдастыра білді. Алаң жетекшісі Сабырова Қ балаларды топқа бөліп, асфальтқа суреттер салғызды. Тақырып: «Туған жер және ғажайып табиғатым!» деп аталды. Ең үздік салған топқа бағалы сыйлықтар ұйымдастырып, үлестіріп берді. Жиында «Мерекем» әні, «Әдімі-ай!» әндері орындалып, «Флешмоб» биі орындалды. ды. Барлық оқушыларды мектеп фаесіне кіргізіп, алаңның ашылу рәсімін тамашалауға шақырып, «Балдәурен» алаңына келген оқушыларға шашу шашылып, оқушыларды кіргізді. Оқушыларды топ жетекшілері және тәлімгерлері белгіленген кабинеттеріне апарып, күн тәртіптерімен таныстырып, кітапхана, мектеп психологтары және медбике топтармен танысты.

    Әр топпен ойындар ойнатылып, сыйлықтар ұсынылды. «Балдәурен» алаңының ашылу салтанааты рәсімі орындалып, шашу шашылды. Оқушылар топқа бөлініп, өз кабинттеріне топ жетекшілерімен барды.


«1 –маусым Халықаралық балаларды қорғау» күніне арналған сценарийі


 

I жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді ұстаздар, бүлдіршін балалар, ата- аналар «Балдәурен» сауықтыру легерінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

 

ІІ жүргізуші:

Қазақстан Тәуелсіз ел екенбіз.
Жоғалмасын ешқашан берекеміз
Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз
Құтты болсын, бүлдіршін мерекеңіз

 

I жүргізуші:

Арманы бір, үні бір,

Аға ардақты, іні бір
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл.
Бала бағы бар елдің.

Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.

 

II жүргізуші: «Балдәурен » сауықтандыру лагерін ашу рәсімі мектеп директоры Керимкулова Аяулым Жакашбайқызына беріледі.

I жүргізуші:
Бүгін қызық,бүгін той
Біздер үшін біліп қой
Дөңгеленсін би-билеп
Жалғастырсын ойды-ой

Би «Қуыршақ». «Жауқазын» тобының қыздары орындайды.

 

II жүргізуші:

Жаз келіп,күн шығып, әдемі гүлдер жайқалып, дала жасыл кілемге орануда.Күн мен гүлдер туралы «Тұлпар» тобының көрінісі.


Автор: Асқар таудың төбесінен бері асқан күн нуға бөккен қалың қатпарлы қапталға алқызыл шұғыласын себеледі. Шөптің бетіне, жапырақтың алақанына тұнған тұнық шықтың тамшылары інжудей жылтылдайды. Күннің күміс сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады.

Күн: - Оу, шоқтай Шұғынық, түрегел! Әлемге жарық жайылды. Шырылдап сайрап жүр.

( Ұйқысын аша алMay басы қалтылдаған Шұғынық ұйқысырай дыбыс береді)

Шұғынық: - Қазір, Күн тәте, .... қазір, ақ Сәуле.

(Бұдан кейін Сәуле шілтиген көк гүлге барады)

Күн: - Көкжелкен! Аш, көк аспандай көгілдір көзіңді! Қойнауға тұнған тұман да сейілді. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.

Көкжелкен: - Қазір, ашайын көзімді, қазір...

Автор: Сәуле әрі сырғиды. Тағы бір әсем гүл тербелді.

Күн: - Гүлбадан, көтер басыңды, аш, алтын қауашағыңды! Көрсін қалың жұрт.

Гүлбадан: -Жарайды ( керіліп, сары басын сілкіп), қазір қауашағымның алтын бүрін жарқыратып ашамын!

Автор: Ақ сәуле сорайған көк бас қурайға барады.

Күн: - Атқұлақ, шапақтың жылуы молайды, бүріспе! Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды. Сен де көрсет көркіңді!

Атқұлақ: - Қазір, Алтын Күн!(керіліп-созылып, бойын жазады да, мүлгіп тұрған басын қалт жоғары көтерді )

(Қаз-қатар тізілген түймедей көгілдір гүлдері салтанатпен шайқалады)

Автор: Осылайша, Күн сәске түске дейін тау салалары мен шатқалдарға үңіліп, ұйқыға шомып, манаураған гүлдерді оятады. Дүние жүзіндегі шуаққа бөленген Гүлдердің бәрі шоқтай жайнап, Жер бетін сәулелендіріп жіберген.

 

«Қыран» тобының демалушыларының орындауында «Көңілді күн» әні.

 

I жүргізуші: Қымбатты «Балдәурен» лагерінде демалушы бүлдіршіндер! Сендерді лагердің қызметкерлерімен таныстыруға рұқсат етіндер!

 

Өзі әсем, көрікті.
Қаталдықты, аяMay-ақ беріпті

Сандуғаш апай басшы апай
«Балдәуреннің» ашылуына келіпті.

II жүргізуші:
«Балдәуренге» асығындар, келіңдер.
Тәлімгер апайларды көріңдер
Балдәуренде әр түрлі қызықтар бар
Қансұлу мен Қарлығаш апайлар келіңдер.

 

I жүргізуші:
Сендердің тәрбиеші ұстаздарың:
Мира апай, Жарқынай апай, Баян апай, Эльмира апай, Гүлмира апайлар

Тәлімгердің серігі.

«Балдәуреннің» көрігі
Гүлнұр апай, Ақілес апай, Ақмарал апай, Жарқынай апай, Ұлаш апайлар.

Балдәуреннің мүшесі.

II жүргізуші:
Іш ауырса, тіс ауырса
Емдеп дәрі беретін
Ақ халатты Баян апай мен Умида апай
Медбикелер ол біздің.

 

I жүргізуші:
Спорт- көркі өмірдің,
Спорт- досың серігің
Жаттықсаң шымыр боласың
Шынығып өсіп толарсың
Үнемі бізге айтатын
Жанар апай, Бақнұр ағай, Сырым ағай ол біздің .

II жүргізуші:Мультфиль кейіпкерлері Шрәк пен Фиономен билейікші достар!

 

Осы тәрбиешілерің сендерге бірнеше ойын алып келіпті. Ойнаймыз ба?

 

1. «Танысайық» ойыны. Мен белгілі бір аттарды атаймын, сол балалар тапсырмасын орындайды.

Арман, Ерлан, Нұрлан, Темірлан,Жасұлан,Ержан, Рамазан-алға шығыңдар.

Нұрдәулет, Ердәулет, Әділет, Бақдәулет-күлімдеңдер.

Ерасыл, Нұрасыл, Аяжан,Аяулым, Айқын, Әбілмансұр, Жамбыл, Сайра- еңкейіңдер.

Асылжан, Арман, Аида, Дәулет, Илхам, Ильяс, Еркеназ, Әли-шапалақтаңдар.

Гүлжан, Айжан, Сәуле, Маржан, Мөлдір-қол бұлғаймыз.

2.Жазда кереметтер көп. Мен сендерге құбылыстарда атаймын. Сендер жазда болса «Иә» деп, болмаса «жоқ» деп жауап бересіңдер. Келістік пе?

Шөп шабу,үскірік,боран, күнге күю,қар,найзағай, жазғытұры, жапырақ түсуі,кемпірқосақ.

3.Ортаға жануарлар мен құстардың даусын салып білетін 6 баланы шақырамын. Тапсырма:

1 бала – әтеш

2бала- ит

3 бала- мысық

4 бала-қарға

5 бала-ешкі

6 бала-сиыр

4.Келесі ойын «Қасықтағы картоп» ойыны. 3 баладан 2 топ шығады.

Картопты қасыққа салып, белгіленген жерден түсірмей айналып қайтып, келесі балаға береді.

5.Би марафонын бастаймыз. 6 қатысушы әр түрлі бағыттағы музыкаға билеу керек.

6.Келесі ойын «Шелектегі су» деп аталады. Ортаға 8 бала шығады. Олар 2 топқа бөлініп, күшкентай шелектегі суды белгіленген жерге барып, төкпей келесі балаға беру керек.Бұрын келген топ жеңеді.

 

І жүргізуші:

-Балалар, сендер бүгін қандай мейрам екенін білесіңдер ме?

-Дұрыс, Балаларды қорғау күні.Бұл мереке алғаш рет 1950 жылы Дүние жүзі бойынша аталып өткен. Сендерді мерекелеріңмен құттықтаймыз.

II жүргізуші:
Ұлылардан ұлағат ап жаңаша
Байқауларға ой қосамыз таласа
Талабы зор балаларды танытып
Таныстырған «Қыран тобын» ол тамаша

Би «Әсем ән» «Балдырған» тобының орындауында .

I жүргізуші:
Біз бақытты баламыз
Оттай лаулап жанамыз
Балдәуреннің төрінде
Шырқап әнге саламыз

Ән: «Жаз» «Жауқазын» тобының қызының орындауында.

 

II жүргізуші:

Би «Алдаймын». Ортада « Тұлпар» тобының оқушылары.

 

I жүргізуші:
Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып
Ақса бұлақ гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт!

 

I жүргізуші:

Келесі кезекте «Көгершін» тобының атынан флешмоб биі .

Бәріміз билейміз!!!

Қымбатты балалар! Сендерді бүгінгі мерекенің келесі станцияларына қонаққа шақырамыз.
1- станция:«Бейбітшілік болсын әлемде!» тақырыбына асфальтқа сурет салудан жарыс.

Ең әдемі сурет жүлдемен марапатталады.

I жүргізуші: «Балдәурен» лагерінің ашылу салтанатына келгендеріңізге көп- көп рахмет, көк аспанда байрағымыз желбіреп, амандықта кездескенше сау болыңыздар!

 

 


 

 

 
 

 

 

 

 

 



 

 

 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив