19
April
2017
Әдістемелік жұмыстың І жарты жылдық қорытындысы
Мектептің өзекті мәселесі: «Білім беру деңгейінің сапасын көтеруде, оқытудың инновациялық технологиясын қолдану арқылы, мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыра отырып, бәсекеге қабілетті, жерін, елін сүйетін жеке тұлға қалыптастыру»
Мектептің өзекті мәселелерін іске асыру мақсатында жоспар құрылды. Жоспарда өзекті мәселе бойынша педагогикалық кеңесте, әдістемелік бірлестіктерде, әдістемелік кеңесте баяндамалар, семинарлар, педагогикалық оқулар, әдістемелік онкүндіктер жоспарланды.
Әдістемелік жұмыс тақырыбы: Білім беру жүйесінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы педагог кадрлардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру.
Мақсаты: Нәтижелі, сапалы білім бере отырып кәсіби біліктілігі мен теориялық білім денгейін көтеру ісіне нақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.
Міндеттері:
1. Оқушылардың құзіреттілігін ашуға жағдай жасау мақсатында қосымша білім беру мен тәрбие жүйесін жандандыру;
2. Педагог мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру семинар педогогикалық оқу, конференция,байқауларға қатысу мүмкіндігін туғызу;
3. Teachers мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық
жұмыстарға баулу, ынталандыру;
4. Білім саласындағы жаңа жетістіктерді, білім беру технологияларын, ақпараттық – коммуникативтік технологияны кеңінен пайдалану;
5. UNT дайындықты күшейту мақсатында қосымша сабақтар ұйымдастыру.
Алдыға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін мектепте нормативті-құқықтық құжаттар базасы, нұсқаулар мен қажетті ережелер, мектеп кітапханасында керекті құжаттар жинақталған. 2016-2017 оқу жылына арналған мектептің жұмыс оқу жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары негізінде дайындалып өткізілді. 2016-2017 оқу жылының мектеп басшысымен бекітілген оқу жоспарында мектеп компоненті, оқушы компоненті негізінде үйірме, таңдау пәндері жүргізіледі. 10,11 сыныптар жаратылыстану-математикалық, қоғамдық - гуманитарлық бағыт бойынша оқытылады. Бағдарлама курстары мектеп жоспарына сәйкес, оқушылардың өтініштері мен талаптары бойынша таңдалынып алынған. Барлық курстардың күнтізбелік жоспарлары жасалып бекітілді.
Былтырғы оқу жылында кездескен қиындықтарды ескере отырып, отырыс тақырыптары, оқыту семинарлары, мұғалімдердің өз білімін жетілдіру жоспары және әдістемелік тақырыптары анықталды. Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысын жақсарту мақсатында мектепішілік бұйрық бойынша әдістемелік кеңес құру, әдістемелік бірлестік жетекшілері тағайындалды. Әдістемелік кеңестің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру жұмыстары өткен оқу жылындағы әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктер мен ұсыныстарды ескере отырып жүргізілуде.
Ғылыми әдістемелік жұмыстар
- Педагогикалық кеңес.
- Ғылыми -әдістемелік кеңес.
- «Жас мамандар» мектебі.
- «Болашақ» атты оқушылардың ғылыми қоғамы.
- Үйрету семинарлары арқылы ұйымдастырылуда.
Мектепте барлығы 2016-2017 оқу жылында 184 мұғалім жұмыс істейді. Оның 156-ы жоғары білімді (бұл жалпы мұғалімдер санының 84,7%),
24 орта арнаулы - (13.4%),
Аяқталмаған жоғары- 6
Санаты бойынша:
жоғары санатты- 11 (5.9%),
бірінші санатты- 35 (19.0%),
екінші санатты- 78 (42.3%), санаты жоқ- 62 (33.6%)
Педагогтардың үздіксіз кәсіби біліктілігін жоғарылату нәтижелілігінің көрсеткіштері кәсіби өсуі, тәжірибелерін жалпылаудың әртүрлі формада педагогтардың белсенді қатысуы болып келеді. Мектебіміздің әдістемелік қызметінің негізгі бір мақсаты - педагог мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жүйелі түрде, үзбей, жыл бойы жүргізу. Ұстаздардың кәсіби денгейінің өсуі курстық дайындықтан өткізу, семинарлар мен мастер-кластар өткізу, сабақтарға қатысып, талдау жүргізу, т. б. жұмыстарды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Жыл бойы ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курстарына жүйелі түрде жіберіліп курстық дайындықтан өтіп отырады. Осы оқу жылында жыл басынан бері 184 мұғалімнің 22 пайызы курстық даярлықтан өтті жыл аяғына дейін жалғасын таппақ. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде ұйымдастырылған курстардан биылғы оқу жылында 1- сыныптар толықтай жаңартылған бағдарламамен оқытылуына байланысты 46 ұстаз жаңа форматтағы даярлық курстарынан өтті. Олар 1-сыныпқа сабақ беретін 18 сынып жетекшінің 14-і және 2- мектепалды даярлық топ мұғалімі, 7 қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 8- ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 3-орыс тілі пәнінің мұғалімі, 2- денешынықтыру пәнінің мұғалімі, 1- технология, 3- музыка пәнінің мұғалімдері және де әкімшілік мүшелерінен мектеп директоры 1- апталық, оқу завучтары 2- апталық курсты оқыды. Қазіргі таңда 1-сынып оқушыларына осы курстан өткен мұғалімдер сабақ беруде. Бұл көрсеткіш талапқа сай 20 пайыздан артып тұр және жылдан жылға өсуде. Осының ішінде деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің саны 18, ал 2014-2015 оқу жылында 9- мұғалім болған. 1-2 деңгейлік курс бітірген Далибаева А.А., Еримбетова М.Ж., Қойбағарова Ғ.Т. Талдықорған қаласында ұйымдастырылған мектеп тренерлері курсын оқып келіп мектеп мұғалімдеріне «Тәжірибедегі рефлексия» тақырыбында 75 мұғалімді 3 топқа бөліп 100 сағаттық курс өткізуде.
Мектептегі ұстаздардың кәсіби деңгейін жылдан –жылға көтеру мақсатында «Озық педагогикалық тәжірибе мектебін» құру туралы, жетекшісін тағайындау туралы бұйрық шығарылды. Әдістемелік жұмыстың бір бағыты озық іс-тәжірибені тарату, үйрену болып табылады. Сондықтан озық іс-тәжірибені тарату бағытында мұғалімдер өз іс тәжірибелерін баспасөз беттеріне жариялау, семинарлар мен конференцияларға, кәсіптік байқауларға қатысу арқылы таратады.
Осы оқу жылы басталғалы бүгінгі күнге дейін 38 мұғалімнің еңбектері аудандық, облыстық, республикалық баспасөз беттерінде жарық көрді.