19
April
2017
Мектеп тарихы
Ili districtМ.Түймебаев
ауылындағы «№20 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 2013 жылдың 1 қыркүйегінде өз жұмысын бастады. Мектеп ғимараты меншікті жоспар негізінде
жобаланған. Үш қабаттан, төрт блоктан
тұратын, 900 оқушыға арналған ғимарат. Күні бойы білім беруге бағытталған
мектепте 300 орындық асхана жұмыс істейді. Мектеп ғимаратының жалпы алаңы 7781,3 ш.м., құрылыс
ауданы 3864,9 ш.м., ғимараттың ауқымы 40581 ш.м.
2015 жылдың 21 желтоқсан айында мемлекеттік тіркеу №KZ
30LAA000063546 лицензиясын алды. Мектепте бірнеше оқу
кабинеттері, бөлмелер, зертханалар, жаңа модификациялық қабинеттер бар. Мектеп бойынша оқу кабинеттерінің жалпы саны - 44, жалпы
бөлмелер саны - 243. Оның ішінде: спорт зал-1, мәжіліс залы-1, асхана-1,
медбике кабинеті-1, стоматолог кабинеті-1, технология кабинеті-2. Биылғы оқу
жылында аталмыш мектепте 2878 оқушы оқыса, даярлық сыныбында 225 бала білім
алуда.
Мектепте барлығы 2016-2017 оқу жылында 184 мұғалім жұмыс істейді. Оның 156-ы жоғары білімді (бұл жалпы мұғалімдер санының 84,7%), 24 орта арнаулы - (13.4%),
Аяқталмаған жоғары- 6
Санаты бойынша:
жоғары санатты- 11 (5.9%),
бірінші санатты- 35 (19.0%),
екінші санатты- 78 (42.3%),
санаты жоқ- 62 (33.6%).
Мектеп
ұстаздары « Нәтижелі, сапалы білім бере отырып, оқушының
жеке және кәсіби дамуын жетілдіру, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі
биік, бәсекеге қабілетті, ертеңгі
дамыған қоғам ісін қалыптастыратын ұшқыр ойлы ұрпақ тәрбиелеу» - деп алдыларына
мақсат қойып қызмет атқаруда.