«Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану - заман талабы»
№20 орта мектепте 1 наурыз 2019 ж. «Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану-заман талабы» тақырыбындағы аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Білім сапасын арттыруда ақпараттық технологиялардың маңыды рөл атқаратындығына басты назар аудара отырып, пән мұғалімдерінің тәжирибесі арқылы тиімді әдіс-тәсілдерді көрсету.
Күтілетін нәтиже:
1.Пән мұғалімдері IT технологияларды тиімді қолданудың ерекшеліктерімен танысады.
2. Пән мен тілді кіріктіріп оқытуда мультимедиялық құралдарды қолдануерекшеліктерімен танысады
3. Цифрлық білім беру ресурстарының мүмкіншіліктерін көрсетеді.
Аудан көлемінде өткізілген семинарға мектеп әкімшілігі аса жауапкершілікпен қарап, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Семинар барысындағы іс-шаралар өз уақытында, жоспарланған бағдарлама бойынша жүргізілді.
1. Әдебиет пәнінде «Bilim Land және Кітап KZ» ресурстарын пайдалану тиімділігі. 8 сынып қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Алдамжарова Қ.А
2. Цифрлық білім беру ресурстарын ағылшын тілі сабағында пайдалану тиімділігі «Food and Drink» 6 сынып ағылшын тілі пәнінің мұғалім Шамшатова Л.Б
3. «Learning apps» Биология пәнін оқытуда. 10 сынып биология пәнінің мұғалімі Түсіпжанова А.
4 «Plickers» бағдарламасын бастауыш сыныптарда қолдану. 2 сынып бастауыш сынып мұғалімі Ахман Н.
5. «IT технологияларды қолдана отырып, білім алудың қол жетімділігін арттыру» мектеп жүйелік админстраторы, информатика пәнінің мұғалімі Ескермес Е.
6.Орыс тілі Мастер-класс «Применение цифровых образовательных ресурсов в разработке
мультимедийных технологий на уроках русского языка и литературы» орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Кадырова Р.К
7. «Информатика сабағында Gzlet қосымшасын пайдаланудың тиімділігі.» информатика пәні мұғалімі Абдраимова Г.А
8. «Логарифмдік функция және графигі мен қасиеттері» 11 сынып математика пәні мұғалімі Аятхан Б.
9.Тәрбие сағаты «Адамгершілік-асыл қасиет» 9 сынып жетекшісі, география пәні мұғалімі Қошыбаева К
Семинар соңында акт залға жиналып, көрсетілген сабақтар, шебер сыныптар туралы өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын да ортаға сала отырып кері байланыс жасады.
Семинарға жиналған аудан мұғалімдері өткізілген сабақтар, шебер-сыныптар ұнағандығы туралы, жақсы әсер алғандарын жасырмады. Өйткені осындай семинарлардан олар өз тәжірбиелеріне керекті, пайдалы цифрлық ресурстарды алумен қатар, білім сапасын арттыру үшін пайданылатын әртүрлі әдіс-тәсілдерді, оларды қалай тиімді қолдану туралы мәліметтерді іс жүзінде көріп, үйренгендіктерін алға тартты. « Біз осы семинарға тәжірибе алмасу үшін, және осы әдіс-тәсілдерді, бағдарламаларды өз жұмысымызға қалай тиімді пайдалану керектігін үйрену үшін келдік және көп нәрсе үйрендік»-дегендер көп болды.
Семинарда сабақ көрсеткен мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстарын кеңінен қолданып, сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Сабақ көрсеткен мұғалімдер «Bilim Land және Кітап KZ» ресурстары, «Learning apps» биология пәнін оқытуда, «Plickers» бағдарламасын бастауыш сыныптарда қолдану, «Информатика сабағында Gzlet қосымшасын пайдалану туралы іс жүзінде көрсетіп таныстырды. Teachers үшін осындай семинарлардың тиімділін, пайдасын айтып, осындай семинарлар жиірек өтіп тұрса деген ұсыныс білдірді. Осы семинар барысында өткізілген «Адамгершілік-асыл қасиет» деген тақырыпта өткізілген тәрбие сағаты жақсы әсер қалдырғаны туралы атап өтті. Семинардың қорытынды сөзін аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері А.С.Темірғалиев алды. Сабақ өткізген мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне алғыс айта отырып, творчестволық табыс, жұмыстарында табыс тіледі. Цифрлы білім беру ресурстарын пайдалану тақырыбында 15 наурызда аудан көлемінде семинар жоспарланып қойғаны туралы айта кетті.