28
февраль
2020
«Best авторлық идеялар»
Жаңартылған білім беруді енгізудің сәттілігі негізінен мұғалімнің жаңа білім кеңістіктерінде, уақыттың талаптары бойынша туындаған жаңа білім стандарттарында жұмыс істеуге дайын болуына байланысты.
Мұғалімнің педагогикалық және әлеуметтік мәртебесін көтеруде ынталандыру мен жағдай жасаудағы нысандардың бірі - кәсіби біліктілік конкурстары болып табылады.
Кәсіби конкурстар - бұл тек үздік педагогтарға арналған шығармашылық сынақтар ғана емес, бұл - білім берудің отандық жүйесін тиімді дамытуға, практикаға жаңа қызықты әдістемелер мен оқыту тәсілдерін кеңінен енгізуге ықпал ету.
2020 жылдың 28 ақпанында Ili district№20 орта мектепте мектепішілік өткізілген «Best авторлық идеялар» байқауында топ жарып шыққан орыс тілі мұғалімі Кадырова Расима Кабыкеновна мен бастауыш сынып мұғалімі Бекарыстанова Роза өз идеяларын әріптестерімен бөлісті.
Өткізілген байқау педагог конкурстарға қатыса отырып, инновациялық технологияларды практикаға енгізу және жұмыстың ең тиімді тәсілдерін іздеу, жүйелеу тәжірибесіне ие болатынын, сондай-ақ, педагог үшін конкурсқа қатысу - өзінің кәсіби педагогикалық қызметіндегі жетістіктерін көрсету, тәрбиеленушілермен өз жұмысының нәтижелерін көрсету екендігінің бір дәлелі болды.