12
October
2021
Құттықтаймыз!
Жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни дарынды шығармашыл тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы.
Мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын, оқыту мен тәрбиелеудегі ең тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
Ұстаздық ету тек сабақ өткізумен шектелмесі анық. Білім мен тәрбиені тығыз ұштастыра отырып, педагогтік шеберлігін шыңдау арқылы кәсіби қызметіңді жетілдіру болмақ. Осындай үнемі ізденіс үстінде жүретін әріптесіміз Каптагаева Алия Абунусиповна бұл күнде 1,4, 5,6 –сыныптардың информатика пәні бойынша оқулық авторы.
Нәтиже өздігінен келе салMayды, оған алдын-ала жасаған қажырлы еңбек құлшындырады десек, дәл сол шабытты шақ – адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі, шығармашылық толғанысы. Шабыт жаңа туындының пайда болуына бастайды.
Әріптесімізге шығармашылық шабытың шарықтай берсін демекпіз.