Наурыз берекем – Наурыз мерекем! » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №20"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Наурыз берекем – Наурыз мерекем!
26
март
2018

Наурыз берекем – Наурыз мерекем!

Наурыз берекем – Наурыз мерекем!

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер "патрих”, бирмалықтар "су мейрамы”, тәжіктер "гүл гардон”, "бәйшешек”, "гүлнаурыз”, хорезмдіктер "наусарджи”, татарлар "нардуган”, буряттар "сагаан сара”, соғдылықтар "наусарыз”, армяндар "навасарди”, чуваштар "норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол.

Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен.. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.

Ағымдағы жылдың 20 наурызында 20 орта мектептің мəжіліс залында «22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне» орай "Наурыз - берекем, наурыз - мерекем!" ұранымен мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға №20 орта мектептің ұжымы, Попечительский совет ұжымы, ата-аналар, мектеп оқушылары қатысуымен қазақтың салт-дəстүрлерінен көріністер қойылды. Қыдыр ата мен ақ жаулық киген апалар: «Ұлыстың ұлы күні ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі. Қар еріп, жер жүзі көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасаратын шақ. Бұл күні ата - бабаларымыз үй - үйді аралап, Наурыз көжеден дәм тататын күн» - деп баршаға наурыз көже таттырып, шашу шашты.

Іс-шараның шымылдығын қазақтың күмбірлеген күйімен «Балбұлақ» күй оркестрі «Еркесылқым» және «Жастар» күйімен ашты. Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, ақ тілеуін жиналған қауымға №20 орта мектептің директоры Керимкулова Аяулым Жақашшбайқызы жолдады. Ары қарай кешті «Наурыз-көктем» әнімен жас өнерпаз Нұрқасым Раяна жалғастырды. Жиналған қауым назарына 4 сынып қыздарының «Үкілай қыз» атты биі ұсынылды. Келесі болып домырашылар дәстүрлі әндермен жалғасын тапты.

Қазақ халқыежелден –ақ салт-дәстүрге бай ел. Өзіндік бірегей әдет-ғұрыптарын , өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым және ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсіріп, қашанда дана халықымыздың өзі жасаған осы әдет-ғұрыппен жөн-жосықты біліп, үйрену және оны өмірде қолдану –ағайынды адастырмас сара жолға жетелейтіні белгілі-дей келе іс-шаран қазақтың салт – дәстүрлерін көрсетумен жалғасты. Атап айтар болсақ "көрісу", "құдаларға құйрық-бауыр асату", "сырға салу", "қыз ұзату", "беташар", "бесікке бөлеу", "тұсау кесер" рəсімдерін көрсетіп, жырдан шашу шашылып, «Наурыз айтыс» көрінісімен жалғасты. Келесі болып вокалды 4 сынып оқушыларының тобы «Қазақы дастарханым!» әнімен өз өнерлерін ортаға салды, осыдан кейін сахна төріне «Наурызым» әнімен Мамет Ажар жиналған халайыққа өз өнерін паш етті. Ары қарай кешті «Мереке» биімен 2д сынып оқушылары жалғастырды. Іс-шараны №20 орта мектептің өнерпазы Қуатбаева Ақерке «Наурыз-думан» атты әнімен кештің шымылдығын жапты.

Іс-шара өте қызықты және танымды өтіп, барша жиналған қауымның көңілінен шықты. Наурыз мерекесі баршамызға құт-береке əкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

 

Наурыз берекем – Наурыз мерекем!

 

Наурыз берекем – Наурыз мерекем!

 


 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив