20
декабрь
2019
Кеңесіп пішкен тон келте болмас
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлердің орны ерекше. Білім беру саласындағы ұзақ жылғы тәжірибелерімен бөлісу, жас ұстаздарды ұжымда өзара қарым-қатынас жасауға үйрету мақсатында ардагерлер кеңесінің төрағасы Авезов Бақытжан «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дана халқымыз қашанда ымыраласып, келісе отырып жүргізген әрбір істе бір қайыр бар дейді. Ардагер ұстаздар Ж.Тасыбеков, Б.Авезов, Ө.Көксеген. т.б. еңбек жолын жаңа бастаған ұстаздарға ақыл-кеңестерімен бөлісті. «Тәтті шай» барысында айтылған әр сөздің жастарға берер тағылымы, үйрерері көп болды.
Біле-білгенге ардагерлер – үлкен күш. Тә¬уелсіздігімізді мәңгілік баянды етуде аға ұрпаққа жүктелер жауапкершілік жоғары. Ең бастысы, ардагерлеріміз осы парызды терең сезінеді.
Біле-білгенге ардагерлер – үлкен күш. Тә¬уелсіздігімізді мәңгілік баянды етуде аға ұрпаққа жүктелер жауапкершілік жоғары. Ең бастысы, ардагерлеріміз осы парызды терең сезінеді.