21
декабрь
2019
“Sagadat Batyr - QTT” спорт клубының жылдық есеп беру кеші
«Елдің атын ер шығарар,
Ердің атын ел шығарар» демекші, «Сағадат батыр» спорт клубының шәкірттері джиу-джитсу және грепллинг күресі бойынша жасөспірімдер арасындағы еліміздің ең үздік командасы деп айтсақ артық болмас.
Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовтың 95 жылдығына орай осы жылғы жетістіктерді бөлісу мақсатында Средняя школа №20нде «Сағадат батыр» спорт клубының жылдық қорытынды есеп беру кеші өтті..Кештің құрметті қонақтары Іле аудандық мәслихат төрағасы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, С.Қ.Нұрмағанбетов атындағы «Sagadat Batyr» спорт клубының президенті , Алматинская областьның бас жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Н.К.Елькеев, Іле аудандық ардагерлер алқасының төрағасы «Нұр Отан» бюросы мүшесі Ә.Ә.Исаев болды.
«Sagadat Batyr» спорт клубының 2019 жылы Әлем чемионатында, халықаралық турнирлерде еліміздің көк туын желбіреткен жас сспротшылармыз, спорт шеберлері «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының алғыс хатымен марапатталды. Кеш барысында спортшылар қонақтарға боз кілемге шығып, өнерлерін паш етті. Жас спортшылардың өнеріне тәнті болған ел ағалары ақ батасын берсе, мектеп оқушылары «Ақ көгершін» тобы «Бақытты балалық» әнін шырқады. Бүгінгі бейбіт күннің батырларына арналған Қуаныш Жазайдың сөзіне жазылған, Ескендір Ибрагимовтың «Ертолғау» әнінің тұсауы осы кеште кесілді. Бұл ән осы спорт клубының әнұраны ретінде арнайы жазылған. Әнді қазақ эстрадасының жұлдызы Айбар Серкебаев орындады. «Sagadat Batyr» спорт клубында №20 орта мектептің 40-тан астам оқушысы осы спорт түрімен айналысады. Оның ішінде Мадамин Бексұлтан, Құлымбетова Жібек сынды жеңімпаз оқушыларды ерекше атап өтуге болады.