24
April
2017
Мектеп бітірушіге арналған жадынама
1. Тестілеуге өтініш беру
2. UNT-ны өткізу тәртібі
Өтініштерді қабылдау 20 маусымнан 7 шілдеге дейін;
Ағымдағы жылы UNT – ны жалпы негізде тапсырады:
9.Жоғары оқу орындарына түсушілер
Жоғарғы оқу орнына түсу үшін шекті бал:
Білім беру грантының иегерлерінің тізімі 10 тамыздан соң бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда»), сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланады.
10. UNT қайта тапсыру
Тестілеу 20 - 24 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Ескерту!!!
UNT жаңа форматтағы тест тапсырмаларымен дайындалу үшін:
- Ұлттық бірыңғай тестілеуге (UNT) қатысу үшін өтініштер 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында белгіленген үлгідегі бланкіде қабылданады.
- Өтініш білім алып жатқан білім беру мекемесінде толтырылады.
- жеке басын куәландыратын құжат;
- 2 фотосурет (3х4 өлшемді)
- бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;
- тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.
2. UNT-ны өткізу тәртібі
- UNT пәндері 2 блоктан – 5 пәннен тұрады (3 міндетті пән және тандау бойынша 2 бейінді пән)
- Қазақстан тарихы
- Математикалық сауаттылық
- Оқу сауаттылығы
- Бейінді пән 1
- Бейінді пән 2
- UNT қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсыруға болады.
- Тест тапсырмаларының саны – 120
- Максималды балл саны - 140
- Тестілеу UNT өткізу пунктерінде (UNTӨП) 20 маусым - 1 шілде аралығында өткізіледі.
- UNT-ның басталу уақыты – сағат 09.00 (жергілікті уақытпен )
- UNT-ға бөлінетін уақыт – 3 сағат 50 минут.
- Тестіленушіге дәлелді себеппен ( әжетханаға, медициналық бөлмеге) шығуға тек уәкілетті тұлғаның алып жүруімен тестілеудің бірінші сағатынан кейін 1 сағат 30 минут ішінде рұқсат етіледі. Осыдан кейін тестілеу аяқталғанша аудиториядан шығуға рұқсат етілмейді.
- Емтихан материалдарын өңдеу аяқталған соң тестілеу нәтижелерімен танысуға болады:
- UNTӨП ақпараттық қабырғаларында (емтихан ведомостері)
- Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында. Тестіленуші нәтижесін көру үшін ТЖК (рұқсаттамада көрсетілген) мен ЖСН енгізу қажет.
- Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтінішті тестіленушінің өзі тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13:00 дейін бере алады және апелляциялық комиссия өтінішті бір тәулік ішінде қарастырады.
- Өтініш беруші өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және UNT-ға кіру рұқсаттамасын әкелуі керек.
- Апелляцияға өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебін және негіздемесін) көрсету қажет.
- UNT нәтижесі туралы сертификат.
- Сертификаттың жарамдылық мерзімі – ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.
- Сертификатты ламинаттауға тыйым салынады.
- Шығармашылық дайындықты талап етуші мамандықтарға түсушілер шығармашылық емтихан тапсырады.
- Шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі және емтихандарды өткізу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
- Шығармашылық емтихан және өтініштерді қабылдау оқуға жоспарланған ЖОО-да тапсырылады.
Шығармашылық емтиханның мерзімі:
Емтихан 8 шілдеден 13 шілдеге дейін.
- Шығармашылық мамандықтарға түсетін түсушілер үшін: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) тестілеу блогы бойынша балдар ескеріледі.
- Әрбір шығармашылық емтиханнан максималды бал – 40.
- Шығармашылық емтихан ескергендегі максималды бал – 120.
- Педагогикалық мамандықтарға түсуге жоспарлаған түсушілер үшін бір арнаулы емтихан (педагогикалық жағдайды шешу) ЖОО орнында өткізіледі.
- Өтініштерді қабылдау және емтихан 20 маусым мен 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
- Арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деп бағаланады.
8. Кейбір жаңалықтар
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары;
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы The presidentтік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары;
- «Алтын белгі» иегерлері;
- АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі» бітірушілері
- Халықаралық мектеп бітірушілері
9.Жоғары оқу орындарына түсушілер
Жоғарғы оқу орнына түсу үшін шекті бал:
- 50 баллдан кем емес ( «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 бал);
- Ұлттық жоғарғы оқу орындарына түсу үшін кемінде – 65 бал («Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары», «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 бал);
Білім беру грантының иегерлерінің тізімі 10 тамыздан соң бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда»), сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланады.
10. UNT қайта тапсыру
- Шектік баллды ала алмағандар, нәтижелері жойылғандар және UNT – ға қатыспағандар UNT қайта тапсыра алады.
- UNT қайта тапсыру мерзімі:
- UNT қайта тапсыру кезінде шектік баллды ала алмаған түсушілер бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін қайта тапсыра алады.
- UNT қайта тапсыру мерзімі:
Тестілеу 20 - 24 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Назар аударыңыз!!!
Сіз тестілеуден өту үшін UNTӨП-ке рұқсаттамада көрсетілген күні өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алып келуіңіз керек:
- UNT-ға кіруге рұқсаттама;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- қара немесе көк сиялы қалам;
UNT кезінде тыйым салынады:
- рұқсатсыз және уәкілетті тұлғаның ілесіп жүрусіз аудиториядан шығуға;
- бір орыннан басқа орынға ауысуға, сөйлесуге;
- Тестілеу аяқталғанға дейін емтихан материалдарын сыртқа алып шығуға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіруге;
- Аудиторияға анықтамалық әдебиеттер мен оқулықтар, шпаргалкалар, тестілеудің мазмұнына және оның дұрыс жауаптар кодымен алатын мәліметті, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad, iPod, iPhone, SmartPhone) ноутбук, плейер,модем алып кіруге және қолдануға;
- Кез-келген радио-электронды байланыс түрін қолдану (Wi-Fi, Bluetooth, Dect, 3G, 4G, 5G);
- Емтихан материалдарын (жауап парақтары мен кітапшалар) умаждау, корректор сұйығын қолдану арқылы, кітапшаның бетін жырту, жауап парағында бояуға қарастырылмаған секторды бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлінуіне жол беруге.
Ескерту!!!
- Тестіленушіден тыйым салынған заттар табылғанда және аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзған жағдайда, тестіленуші актімен аудиториядан шығарылады, ал оның тест нәтижелері жойылады.
- Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде тестіленуші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда оның тестілеу нәтижесі өңделмейді.
- Тест барысында бөгде тұлға анықталған жағдайда, бөгде тұлға және орнына бөгде тұлғаны кіргізуге заңсыз әрекет жасаған тестіленуші тестілеуге жіберілмейді.Тестілеу барысында бөгде тұлға анықталған жағдайда, бөгде тұлға тестілеуден шығарылып, нәтижесі жойылады.
Дайындық үшін!!!
- Онлайн байқау сынағы; (толық ақпарат http://www.testcenter.kz/entrants/ent-kta-try-online/ );
- Кітапшалар мен жауап парақтары; (Ұлттық тестілеу орталығының филиалдары арқылы (UNTӨП);
- Оқу – әдістемелік құралдар.
- Онлайн байқау сынағының бағасы – 260 теңге, төлемді АҚ «Халық банкі», АҚ «Казпочта» немесе «Касса 24» терминалдары арқылы жасасаңыз болады.
- Кітапшалар мен жауап парағының бағасы – 351 теңге, төлемді АҚ» Халық банкі» , АҚ « Казпочта» арқылы жасайсыз.
- Оқу – әдістемелік құралдары ағымдағы жылдың наурыз – сәуір айларында шығарылады.Бағасы -414 теңге. Төлем АҚ «Халық банкі» немесе АҚ « Казпочта» арқылы жасалады.
- ҰТО филиалдарының мекен – жайы (UNTӨП) http://www.testcenter.kz/about/filialy/
- ҚР Ministry of Education and Science http://edu.gov.kz/ru
- Ұлттық тестілеу орталығы http://www.testcenter.kz/
Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырып жоғары оқу орындарына түсуіңізге тілектеспіз!