30
март
2022
“ТАЗА ТАБИҒАТ” акциясы
Наш коллективда көктем келісімен, көгалдандыру маусымының ашылу рәсімін өткізу дәстүрі қалыптасты. Ағаш пен гүл көшеттерін отырғызу, мектеп ауласын тазарту - тазалықтың, жақсылықтың нышаны.
Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғау, таза ұстау, абаттандыру, көгалдандыру ісіне үлкен жауапкершілікпен қарағаны дұрыс деп санаймыз. Бұл – баршаға ортақ іс.
Мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар бірлесе отырып “ТАЗА ТАБИҒАТ” акциясын ұйымдастырды. Атап айтқанда, Попечительский советінің төрайымы Құлымбетова Құлпынай Жақсылыққызы, кеңес мүшесі Белтенова Жанна Махаббатовна мен барлық сынып оқушыларының ата-аналары өз үлестерін қосты.
Акция қатысушылары “Біз таза Қазақстан үшін!” ұранымен мектеп ауласына 150-ден астам ағаш көшеті мен гүлдер отырғызды.
“Бұл шара жақсылықтың нышаны болып қана қоймай, елімізді көркейтуге, жасыл желекке айналдыруға қосқан білім ордамыздың кішкентай ғана үлесіміз деп білеміз,” -деді мектеп директоры М.Б. Құткелдиева.
Алдағы уақытта акция өз жалғасын тауып, абаттандыру науқаны жанданатын болады.