“ТАЗА ТАБИҒАТ” акциясы » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ТАЗА ТАБИҒАТ” акциясы
30
март
2022

“ТАЗА ТАБИҒАТ” акциясы


Біздің ұжымда көктем келісімен, көгалдандыру маусымының ашылу рәсімін өткізу дәстүрі қалыптасты. Ағаш пен гүл көшеттерін отырғызу, мектеп ауласын тазарту - тазалықтың, жақсылықтың нышаны. 
Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғау, таза ұстау, абаттан­дыру, көгалдандыру ісіне үлкен жауапкершілікпен қарағаны дұрыс деп санаймыз. Бұл – баршаға ор­тақ іс. 
Мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар бірлесе отырып “ТАЗА ТАБИҒАТ” акциясын ұйымдастырды. Атап айтқанда,  Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Құлымбетова  Құлпынай Жақсылыққызы, кеңес мүшесі Белтенова Жанна Махаббатовна мен барлық сынып оқушыларының ата-аналары өз үлестерін қосты. 
Акция қатысушылары “Біз таза Қазақстан үшін!” ұранымен мектеп ауласына 150-ден астам ағаш көшеті мен гүлдер отырғызды. 
“Бұл шара жақ­сылықтың нышаны болып қана қоймай, елімізді көркейтуге, жасыл желекке айналдыруға қосқан білім ордамыздың  кішкентай ғана үлесіміз деп білеміз,” -деді мектеп директоры М.Б. Құткелдиева. 
Алдағы уақытта акция өз жалғасын тауып, абаттандыру науқаны жанданатын болады. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив