Оқушылар жетістіктері » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылар жетістіктері
Бас жүлде 100 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.
06
август
2024
Бас жүлде 100 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.
Облыстық "Балауса" жас таланттар өнер байқауында "Дәстүрлі ән" номинациясы бойынша Қадыр Айгерім үздік өнер көрсетіп Бас жүлде 100 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Өнер әлеміне қанат қаққан жас өнерпаздарымыз үнемі биік шыңдарды бағындыра берсін! Жас дарынды өнерге баулыған музыка пәнінің мұғалімі Исаева Гуляға алғыс айта отырып, зор шығармашылық табыстар тілейміз!
Облыстық кезеңінің 3-орын жүлдегері
15
июнь
2024
Облыстық кезеңінің 3-орын жүлдегері
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің 3-орын жүлдегері 5 "Б" сынып оқушысы Есет Альмира Талғатқызы. Жетекшісі Ешниязова Сара Чиркешбаевна.
Респубикалық олимпиада
10
январь
2024
Респубикалық олимпиада
📚 Мектебіміздің 11-сынып оқушысы Тлеубергенова Аружан ЖББП бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен 3-орын иеленді! Сахиева Сабина ауыл мектептерінің білім алушыларына арналған ЖББП бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен 3-орын иеленді. 🏆 Шәкірттерімізге жеңістеріңіз көп болсын дейміз.
“Алау 2023” аудандық байқауы
06
декабрь
2023
“Алау 2023” аудандық байқауы
 “Жас сарбаз” әскери-патриоттық сыныбындағы білім алушыларымыз патриоттық байқаулардан жүлдемен оралуда.  Дәстүрлі 5-6 сынып оқушылары арасындағы “Алау 2023” аудандық байқауында 6-кадет сыныбының оқушылары жүлделі 3-орынды иеленді.  Жетекшілері мен білім алушыларымызды құттықтаймыз!
Республикалық кезеңге жолдама алды
06
декабрь
2023
Республикалық кезеңге жолдама алды
 Республикалық кезеңге жолдама алды Дарынды шәкірт - мектеп мақтанышы.   Математика пәнінен 10-11 сынып оқушылары арасында өткен АЛТЫН ТҮЛЕК олимпиадасының өңірлік кезеңінде 10 сынып оқушысы Әмірәлі Айгерім, 11 сынып оқушысы Рахметолла Мирас 1-орын иеленіп, Республикалық кезеңге жолдама жеңіп алды.  Жетекшілері математика пәнінің мұғалімдері Б. Бауыржан, Е. Раушановқа үлкен алғыс білдіріп, сәттілік тілейміз!
Әлемді мойындатқан шәкірттер
11
ноябрь
2023
Әлемді мойындатқан шәкірттер
 Әлемді мойындатқан шәкірттер.  Абу Даби қаласында джиу-джитсудан өткен 10-11 жас аралығындағы жасөспірімдердің әлем чемпионатында 6 “Е” сынып оқушысы Мадаммин Бексұлтан 2-орын иегері атанды.  Білім алушымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Номинация иегері атанды
05
апрель
2023
Номинация иегері атанды
Құттықтаймыз!  Республикалық “Жас тілшілер” форумы “Журналист болғың келе ме?” ең үздік шығармалар байқауында  11 сынып оқушысы номинация иегері атанды.  Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С. Шарипбекова Білім алушымызды шын жүректен құттықтаймыз!
“Менің отбасым” тақырыбында өткен бастауыш сынып оқушылары арасындағы сурет байқауы
25
февраль
2023
“Менің отбасым” тақырыбында өткен бастауыш сынып оқушылары арасындағы
 Біз оқушыларымыздың шығармашылық дарынын айрықша бағалаймыз. Осы бағытта түрлі бағыттағы шараларды қолға алудамыз.  Балалар шығармашылығын қолдау мақсатында  мектеп әкімшілігімен, әлеуметтік педагогтары Э. Сарбасова, А. Мұраттың ұйымдастыруымен “Менің отбасым” тақырыбында өткен бастауыш сынып оқушылары арасындағы сурет байқауында жеңіске жеткен оқушылар марапатталды, естелік сыйлықтар табысталды.  Жеңіске жеткен оқушылар:  1 А - Серік Амина 1 А - Сабит Алихан 1 А - Ануарұлы Тамерлан 2 В -
АУДАНДЫҚ қыздар волейбол жарысында мектебіміздің оқушылары 1️⃣ орын иеленді
19
февраль
2023
АУДАНДЫҚ қыздар волейбол жарысында мектебіміздің оқушылары 1️⃣ орын
Біз білім алушыларымыздың әрбір жеңісін айрықша бағалаймыз. Оларға әркез қолдау білдіруге дайынбыз. Іле ауданы бойынша мектеп лигасының 7-8 сынып арасындағы өткен АУДАНДЫҚ қыздар волейбол жарысында мектебіміздің оқушылары  орын иеленді. Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сарманов Аманкелдіні шын жүректен құттықтап, шәкірттерінің биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!