24
март
2025
ЖАҢАРУ КҮНІ

Жаңару күні! Әр жаңа күн – жаңа мүмкіндіктер, жаңа жетістіктер мен жаңа бастамалар үшін мүмкіндік.
🌷Наурызнама онкүндігі аясында Жаңару күні табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді арттырып, жерімізді қорғауға деген жауапкершілігімізді сезінуге мүмкіндік береді.
🌳Әр ағаш – біздің болашағымыз үшін маңызды құндылық, ал оның түбірі тек жерге ғана емес, біздің жүрегімізге де тереңдейді.
🌸Оқушыларымыз бүгін табиғатқа қамқорлық жасап, болашақ ұрпақ үшін жасыл әлем қалдыруға өз үлестерін қосты. Бұл іс-шара бізді бірлікте еңбек етуге, табиғатты қадірлеуге және оның сұлулығын сақтауға шақырады.
❇️Сізде ағаш егіп, табиғатты қорғауға өз үлесіңізді қосыңыз! 🌳