Мұғалімдер » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!
14
август
2024
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!
💼БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ! ↘️Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - 1 бірлік ↘️Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары - 0,5 бірлік ↘️Логопед - 1 бірлік ↘️Дефектолог - 2 бірлік (уақытша) ↘️Психолог -1 бірлік 📎Қажетті құжаттар: 1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы
"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" Республикалық акциясы басталды.
01
август
2024
"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" Республикалық акциясы басталды.
"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" Республикалық акциясы басталды.  «Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 1 тамыз 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда, атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады. Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ,
Республикалық кезеңге жолдама алды
06
декабрь
2023
Республикалық кезеңге жолдама алды
 Республикалық кезеңге жолдама алды Дарынды шәкірт - мектеп мақтанышы.   Математика пәнінен 10-11 сынып оқушылары арасында өткен АЛТЫН ТҮЛЕК олимпиадасының өңірлік кезеңінде 10 сынып оқушысы Әмірәлі Айгерім, 11 сынып оқушысы Рахметолла Мирас 1-орын иеленіп, Республикалық кезеңге жолдама жеңіп алды.  Жетекшілері математика пәнінің мұғалімдері Б. Бауыржан, Е. Раушановқа үлкен алғыс білдіріп, сәттілік тілейміз!
Озық тәжірибемен бөлісті
03
декабрь
2023
Озық тәжірибемен бөлісті
 Талдықорған қаласында «1000 мектепке әдістемелік қолдау»  жобасы аясында  «Білім сапасын мониторингтеу – мектепішілік бақылаудың тиімді құралы»  тақырыбындағы мектеп директорларына арналған өңіраралық семинарда мектебіміздің директоры М.Б. Құткелдиева «Мектепішілік бақылау- білім сапасының кепілі»  тақырыбында  өз тәжірибесін бөлісті.  Мейрамгүл Бекбатырқызына озық тәжірибе таратудағы еңбегі үшін алғыс білдіреміз!
Ұстаз - шәкіртінің айнасы
10
ноябрь
2023
Ұстаз - шәкіртінің айнасы
Ұстаз - шәкіртінің айнасы.  Мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Бауыржан Біржан математика пәні мұғалімдерінің  аудандық “Эйлер” шығармашылық конкурсында жүлделі  орынды иеленді.  Әріптесімізді құттықтаймыз!
🎙️Үндеу
11
апрель
2023
🎙️Үндеу
Үндеу Құрметті, «№20 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ұжымы, ауыл тұрғындары!  Сіздерді, 2023 жылдың 10-сәуірі мен 17- сәуірі аралығында ұйымдастырылған «Адамдарға қуаныш сыйла!» қайырымдылық апталығының басталғандығын хабарлаймыз! Акцияның мақсаты – әлеуметтік осал топтағы оқушылардың, әлеуметтік себептері бойынша  мектепке келмеуінің, қиын өмірлік жағдайлардың алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Барша мұсылман қауымы үшін маңызы жоғары Рамазан айымен
Аудандық “Үздік ұстаз - 2023”байқауы
23
февраль
2023
Аудандық “Үздік ұстаз - 2023”байқауы
Шығармашыл ұстаздар оқушылардың ғана емес, мектеп ұжымы, ата-аналарымыздың мақтаныштары.  Аудандық “Үздік ұстаз - 2023”байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж. Акылова жүлделі  орын иеленсе, математика пәнінің мұғалімі А. Бокаева  орын иегері атанды.  Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!
Cыныптар рейтингінің қорытындысын жариялаймыз.
18
февраль
2023
Cыныптар рейтингінің қорытындысын жариялаймыз.
 “Мектеп. Мұғалім. Оқушы” акциясы аясында бастау алған сыныптар рейтингінің қорытындысын жариялаймыз.   Ағымдағы апта бойы төмендегі критерийлер бойынша сыныптар толыққанды бақылауға алынды:  - сынып оқушыларының сабаққа қатысуы; - мектеп ережесінің сақталуы; - мектеп формасы, талапқа сай оқушылардың шашүлгісі; - сынып тазалығы; - сынып активтерінің жұмысы мен қоғамдық жұмыстарға қатысу көрсеткіші.   Аутсайдер сыныптар тізіміндегілер тиісті ескертулерді орындамағаны үшін, қатаң бақылауға
Әдістемелік күн өткізілді
06
февраль
2023
Әдістемелік күн өткізілді
 Мектепте информатика, физика ӘБ онкүндігінің аясында «Жаңа формация мұғалімі-құзіреті қалыптасқан тұлға» тақырыбында әдістемелік күн  өткізілді.  Информатика пәні мұғалімдері Е.Т.Ескермес пен А.С. Тұрсынбай ҚМЖ жазуға қойылатын талаптар және сабақта қолдануға тиімді платформалар туралы тәжірибе бөлісті. Ал ДӘІЖО Г.А.Абдраймова «Сабақ талдау- мұғалімнің әдістемелік шеберлігін арттыру құралы» тақырыбында қазіргі сабақ талдауда ескерілетін қағидалар  бойынша әдістемелік кеңес беріп, тиімді
Жеңіспен оралды!
05
февраль
2023
Жеңіспен оралды!
Біз білім алушыларымыздың әрбір жеңісін айрықша бағалаймыз. Оларға әркез қолдау білдіруге дайынбыз. Іле ауданы бойынша мектеп лигасының 7-8 сынып арасындағы өткен аймақтық қыздар волейбол жарысында мектебіміздің оқушылары  орын иеленді. Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сарманов Аманкелдіні шын жүректен құттықтап, шәкірттерінің биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!