Жетістіктеріміз » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетістіктеріміз
Бас жүлде 100 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.
06
август
2024
Бас жүлде 100 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.
Облыстық "Балауса" жас таланттар өнер байқауында "Дәстүрлі ән" номинациясы бойынша Қадыр Айгерім үздік өнер көрсетіп Бас жүлде 100 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Өнер әлеміне қанат қаққан жас өнерпаздарымыз үнемі биік шыңдарды бағындыра берсін! Жас дарынды өнерге баулыған музыка пәнінің мұғалімі Исаева Гуляға алғыс айта отырып, зор шығармашылық табыстар тілейміз!
Облыстық кезеңінің 3-орын жүлдегері
15
июнь
2024
Облыстық кезеңінің 3-орын жүлдегері
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің 3-орын жүлдегері 5 "Б" сынып оқушысы Есет Альмира Талғатқызы. Жетекшісі Ешниязова Сара Чиркешбаевна.
“Алау 2023” аудандық байқауы
06
декабрь
2023
“Алау 2023” аудандық байқауы
 “Жас сарбаз” әскери-патриоттық сыныбындағы білім алушыларымыз патриоттық байқаулардан жүлдемен оралуда.  Дәстүрлі 5-6 сынып оқушылары арасындағы “Алау 2023” аудандық байқауында 6-кадет сыныбының оқушылары жүлделі 3-орынды иеленді.  Жетекшілері мен білім алушыларымызды құттықтаймыз!
Озық тәжірибемен бөлісті
03
декабрь
2023
Озық тәжірибемен бөлісті
 Талдықорған қаласында «1000 мектепке әдістемелік қолдау»  жобасы аясында  «Білім сапасын мониторингтеу – мектепішілік бақылаудың тиімді құралы»  тақырыбындағы мектеп директорларына арналған өңіраралық семинарда мектебіміздің директоры М.Б. Құткелдиева «Мектепішілік бақылау- білім сапасының кепілі»  тақырыбында  өз тәжірибесін бөлісті.  Мейрамгүл Бекбатырқызына озық тәжірибе таратудағы еңбегі үшін алғыс білдіреміз!
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндері бойынша бірінші республикалық олимпиада
01
декабрь
2023
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндері
 Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндері бойынша бірінші республикалық олимпиаданың бастапқы кезеңіне мектепішілік 9-11 сыныптарға арналған олимпиаданың жеңімпаз 31 оқушысы қатысты.  Пәндік олимпиадалар - бұл оқушылардың ғылыми ізденістеріне жол ашатын, ғылымның әр түрлі саласын өз дарындарын айқындауға мүмкіндік беретін бәсекеге толы мүмкіндік.
Ұстаз - шәкіртінің айнасы
10
ноябрь
2023
Ұстаз - шәкіртінің айнасы
Ұстаз - шәкіртінің айнасы.  Мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Бауыржан Біржан математика пәні мұғалімдерінің  аудандық “Эйлер” шығармашылық конкурсында жүлделі  орынды иеленді.  Әріптесімізді құттықтаймыз!
Облыстық слетта жеңімпаз атанды
08
август
2023
Облыстық слетта жеңімпаз атанды
 Ағымдағы жылдың 6-7 тамыз күндері Алматы облысы, Қарасай ауданы “Арман дала” лагерінде Алматы облысының Білім басқармасының ұйымдастыруымен “Адал ұрпақ, Парасатты жастар - әділеттілік жолында” атты мектеп парламенті көшбасшыларының облыстық слеты өтті.   Слетққа 10 ауданнан ең белсенді, ең білімді 50 делегат қатысты. Слет барысында Квест, Зияткерлік турнир, спорттық эстафета, Театр қойылымын сахналау секілді түрлі байқауларда командалық жарыс ұйымдастырылып, қатысушылар үшін ерекше атмосфера
“Үздік әлеуметтік педагог-2023”
07
апрель
2023
“Үздік әлеуметтік педагог-2023”
 Әріптестеріміздің жетістіктері бізді айрықша қуантады. “Үздік әлеуметтік педагог-2023” аудандық байқауында мектебіміздің әлеуметтік педагогы Сарбасова Эльмира Қыдырбекқызы  дәрежелі дипломмен марапатталып облыстық сайысқа жолдама алды!  Әріптесімізді құттықтаймыз!
Номинация иегері атанды
05
апрель
2023
Номинация иегері атанды
Құттықтаймыз!  Республикалық “Жас тілшілер” форумы “Журналист болғың келе ме?” ең үздік шығармалар байқауында  11 сынып оқушысы номинация иегері атанды.  Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С. Шарипбекова Білім алушымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Аудандық “Үздік ұстаз - 2023”байқауы
23
февраль
2023
Аудандық “Үздік ұстаз - 2023”байқауы
Шығармашыл ұстаздар оқушылардың ғана емес, мектеп ұжымы, ата-аналарымыздың мақтаныштары.  Аудандық “Үздік ұстаз - 2023”байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж. Акылова жүлделі  орын иеленсе, математика пәнінің мұғалімі А. Бокаева  орын иегері атанды.  Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!