09
май
2025
9-мамыр Ұлы Отан соғысы 80жыл
Құрметті ардагерлер, әріптестер, ата-аналар және оқушылар!Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
🇰🇿9 Мамыр – халқымыздың жауынгерлік рухы мен қажырлы еңбегінің символына айналған қасиетті күн. Бұл – батыр бабаларымыздың ерен ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің өлшеусіз еңбегінің нәтижесінде келген Ұлы Жеңіс.
Біз үшін бейбіт өмір, тәуелсіз ел, ашық аспан – осы ерліктің мәңгілік жемісі.
Бүгінгі ұрпақтың борышы – сол ерлікке тағзым ету, бейбіт күннің қадірін білу, ел бірлігін сақтау. Ардагерлерімізге бас иіп, оларға шексіз алғыс білдіреміз!
Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін.
Жеңіс рухы жүрегімізде мәңгі сақталсын!
🌸Жеңіс күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен,М.Б.Құткелдиева