
Біз білім алушыларымыздың ұлттық дәстүрді жаңғыртуына үлес қосқандарын қалаймыз. Осы мақсатта түрлі бағыттағы іс-шараларды ұйымдастырамыз.

Ұлттық дәстүр күні - бұл мәдениетімізбен салтымызды, дәстүрімізді ұлықтайтын кез. Ұлыстың ұлы күні - Әз-Наурыз қарсаңында мектебіміздің @jassunqar20 лидерлері мен “20Мектеп Парламенті” көшбасшылары Бауырсақ Party шарасын ұйымдастырды. Таңнан оқушылар мен ұстаздарымызды ұлттық асымыз бауырсақпен күтіп алып, барлығына бірдей жоғары көңіл-күй сыйлады.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!