2016-2017 оқу жылындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің атқарған жұмысы » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2016-2017 оқу жылындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің атқарған жұмысы
27
апрель
2017

2016-2017 оқу жылындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің атқарған жұмысы

    ҚР «Білім  туралы»   заңы,   «Білім  беру  жүйесін  ақпараттандырудың  мемлекеттік  бағдарламасы»,  ел  Президентінің   Қазақстан  халқына  арналған  жолдауы,  басқа  нормативтік-құқықтық  құжаттарды  басшылыққа  ала  отырып,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәндері  әдістемелік  бірлестігінде  15 мұғалім  жұмыс  жасап  жатыр.  Оның  2-еуі  жас  маман. Барлығы  жоғары  білімді.  Жоғары  санатты-1,  I  санатты – 6, II  санатты – 4, санаты  жоқ  мұғалім – 4 мұғалім.
    Әдістемелік  бірлестіктің   өзекті  мәселесі: Қазақ  тілі  және  әдебиет  сабақтарында   жаңа  технология  элементтерін  тиімді  әдістерін  қолдана  отырып  білім  сапасын  арттыру.
     Мақсаты:   
1. Оқытудың  психологиялық – педагогикалық  ықпалын   ескеріп,  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәндерін  оқытуда  оқушылардың  шығармашылық  деңгейін  арттыру,  білім  сапасын көтеру.  
 2. Осы  пәндерге  байланысты  оқушылардың  дарынды  жақтарын  анықтау  және  зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыру ,  дарынды   оқушылар  жұмыстарын  ұйымдастыру.  
      Міндеті:     
1.  Оқушылардың   шығармашылық  даму  мүмкіндіктерін  анықтаудың     әдіс – тәсілдерін  оқып – үйрену.   
2.  Ақпараттық  технологияларды   қолдану  бойынша  әрбір  мұғалімнің  шығармашылық  жұмыстарын   ұйымдастыру  ,жинақтау ,  жариялау  жұмыстарын  ұйымдастыру .  
3.  Оқушылардың  ақпараттық  технологияларды  сабақта   қолдана  білуіне  ықпал  жасай  отырып ,  ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру.  
4.  Білім  сапасын  көтеру  жұмыстарын  қарастыру  және  олимпиада,  түрлі  ғылыми  конкурстарға  қатысу  жұмыстарының  сапасын  арттыру .  
5.  Дарынды   оқушылармен   жұмысты  ұйымдастыру  түрлерін,  жолдарын  қарастыру,  семинар   ұйымдастыру.
6.  Мақсатты  жүзеге  асыру  жолында  ашық  сабақтар,  шығармашылық  есептер ,  конференциялар,  семинарлар  ұйымдастыру. 
      Осы   мақсаттар  мен  міндеттерді  негізге  ала  отырып,  мұғалімдер  өздерінің  өзекті  мәселелерімен  жұмыс  жасап  келеді.
      Оқу  жылының  тамыз  айында  әдістемелік  бірлестіктің  I  отырысы  өтіп,  бірлестіктің  өзекті  мәселесі  талқыланып,  бекітілді.  Сонымен  қатар  күнтізбелік – тақырыптық  жоспарларды  қарап,  жас  мамандарға  тәлімгерлерді  бекітіп,  мектептің  құжаттарын  толтыру  жөніндегі  т.б  әдістемелік  нұсқаулар  берілді.  Тәлімгерлер   жылдық  жоспарларын  құрып,   жас  мамандардың  сабағына   қатысып,  әдістемелік – практикалық  көмек  көрсетіп  жатыр. 
      Маусым  айының  1-24  аралығында  «Назарбаев  зияткерлік  мектебінің  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы  бойынша»  курстан  бірлестік  мұғалімдері: А.К. Бегенбаева , К.Ч.Ешниязова,  М. Мукушева,  Т.Т.Бекжанов  өтті.
     Шілде  айының  18-і мен тамыз  айының  12-сі  аралығында  «Өрлеу АҚ» филиалының  «Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы  бойынша»  курстан  бірлестік  мүшелері: Н.Т.Төлегенова,  Ж.Ш.Сагынтаева,  Г.Е. Курманбаева, А.К.Рахимбаева  өтіп,  сертификат  алды.
      2016-2017  оқу  жылының  қыркүйек  айында  қазақ  тілі  мен  әдебиеті пәнінен  5-11  сыныптардан  0-дік  бақылау  жұмыстары  алынды.
      Қазақ  тілі  пәні  бойынша  5- сыныптардан  « Тоғайда » тақырыбында,  6- сыныптардан  «Алматыда»  тақырыбында,  7-  сыныптардан  «Қысқы  таң» тақырыбында,  8- сыныптардан  «Жақан» тақырыбында,  9- сыныптардан  «Ұрпақ- өмір  жалғасы»  тақырыбында,  10- сыныптардан  «Қазақтың  бас  ақыны»  тақырыбында,   11- сыныптардан  « Ақын  көзімен  қарағанда»  тақырыбында  диктант   алынды.    
       Қазақ  әдебиеті  бойынша  аталған  сыныптардан    өткен  оқу  жылындағы  өтілген  тақырыптар  қамтыла  отырып,  тест  жұмысы  алынды.
      2016-2017  оқу  жылының  19- 30  қыркүйек   аралығында  « Ана  тілім – бәрін  сөйлер  шежірем »  тақырыбындағы  қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәні  бірлестігінің    онкүндігі  болып   өтті.  
     Аталған  уақыт   аралығында   қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  бірлестігі   бойынша  жоспарланған  ашық  сабақтар  мен  сыныптан  тыс  жұмыстардың  барлығы  өткізілді.  Онкүндіктің    алғашқы  күні  жоспарланғандай  бірлестік   жетекшісі  мен  бірлестік  мүшелері  және   мектеп  оқушыларының  қатысуымен  өз  деңгейіндегі   ашылу  жиыны  болып  өтті.  Оқушылар  мен  мұғалімдер  жоспармен   таныстырылды.  Онкүндік  барысында  үлгілі  ашық  сабақтармен  қатар,  ізденуді,  дамытуды,  толықтыруды  қажет  ететін  де  іс – шаралар  болды.  Атап  айтар  болсақ,  А.К.Бегенбаеваның  7- сынып  оқушыларымен  тіл  мерекесіне  орай  ұйымдастырылған  «Ана  тілі  -  асыл  қазынам»  атты  сыныптан  тыс  әдеби- музыкалық  кеш.  Ж.Ш. Сагынтаева  6 «Ә»  сыныбында  өткен  «Алпамыс  батыр  жырындағы  кейіпкерлер  Алпамыс  және  Ұлтан»  тақырыбындағы,  М.Мукушеваның  5 «Б» сыныбындағы   «Ер Төстік »  ертегісі  тақырыбындағы,  Г.Е.Курманбаеваның    5 «Е» сыныбындағы   «Жұмбақтың  мәні  мен  ерекшелігі»  тақырыбындағы  сабақтары  өз  мақсатына  жеткен   сабақтар   болды.  Оқушылардың  барлығы  дерлік    онкүндік  барысындағы   іс- шараларға   бір  кісідей  атсалысты.  Онкүндік  қорытындысына  қатысқан  оқушыларға  марапаттаулар  берілді. Сондай-ақ  онкүндік  барысында  өзге  пән  бірлестіктерінің  де  мұғалімдері  өткізілген  ашық  сабақтар  мен  сыныптан  тыс  іс – шараларға  қызығушылық  танытып,  қатысып  отырды.  Осы  онкүндік  барысында  «Тілім  менің - тірлігімнің  айғағы»  тақырыбында  8-11 сынып  оқушыларының   арасында   шықармалар  байқауы  өтті.  Жауаптылар:  Г.Т.Оманова, Ж.Ш.Сагынтаева,  А.Т.Калиева болды. Аталған  мұғалімдер  әр  сынып  бойынша  үздік  деген  оқушыларды  анықтап,  марапатқа  ұсынды.  «Тас  жүректі  тіліммен  тілгіледім»   тақырыбында  жас  ақындар  мүшайрасы  ұйымдастырылды.  Жауаптылар:  Б.Ауенай,  Г.Е.Курманбаева,  М.Мукушева. Байқау  ұйымдастырып,  жүлделі  орындарды  мақтау  қағазымен  марапаттады.
      Мектепішілік  пәндер  олимпиадасын   өткізуге  олимпиада  материалдары  дайындалып,  әдістемелік  бірлестік  отырысында  қаралып,  бекітілді.  Олимпиада   II  кезеңмен   өтті.                   
          I  тур  - Эссе жазу
          II  тур – тест  жұмысы,  талдау   жұмыстары
      Олимпиадаға  8-11  сынып   оқушылары  қатыстырылып, ішінен  білім  деңгейлеріне  қарай  аудандық  олимпиадаға  баратын  оқушылар  іріктеліп  алынды.
      Олар:
       1.  Реймқулова  Ақбота   11 «А»  сынып  оқушысы
       2. Карибаева   Балнұр  10  «Ә»  сынып  оқушысы
       3. Тілек  Іңкәр   9 «А»  сынып  оқушысы
     Сонымен  қатар  11 сыныптардың  қорытынды  аттестациялауға  дайындық  жұмыстары  да   кесте  бойынша  жүргізіліп, әр  тест  қорытындысына  талдау  жүргізіп,  мониторинг   жасалып,  назарға  алынуда.        Оқушыларды  эссе  жазуға   машықтандыру  мақсатында  әр түрлі  тақырыптарда   эссе  жаздырып,  сараптама  жүргізіп,  қорытынды  жасалуда. Осы  уақыт  аралығында   3  рет  аудандық,   1  рет  облыстық    тест  жұмыстары  алынып   қорытындысы  директор  жанындағы  кеңесте,  бірлестік   отырысында  қаралды.  Мектепішілік    эссе  жаздыру  бойынша  қазіргі  таңға  дейін   9  тақырып   қамтылды.  Желтоқсан  айында   «Менің   Президентім»  атты, «Тәуелсіздік   тұғырым»,  «Тәуелсіздікке  25  жыл»  атты   тақырыпта  аудандық  шығармалар  байқауына  9,11 сынып  оқушылары  қатысып,   шығармашылығын  шыңдады.
    01-04  қараша  күндері    бірлестік  пән  мұғалімдері  Бегенбаева А.К, Оманова Г.Т,   Рахимбаева А. К. «ҰБТ-2017 жаңа  форматы  үлгісінде  қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқыту  ерекшеліктері»  тақырыбында  біліктілікті арттыру  курсынан   өтті.
   21.12.2016ж  11 сыныптарды  қорытынды  аттестатциялауға  дайындық  мақсатында   облыстық   семинар  өтті. 11 «А» сыныбында  Ғ.Мүсірепов  «Оянған  өлке»  тақырыбында  Оманова  Г.Т. , 11 «Ә» сыныбында  «Әлем  таныған  Әуезов» тақырыбында  Бегенбаева А.К.,  11 «Б» сыныбында  Ғ.Мұтафин «Дауылдан  кейін»  романы  бойынша   сабақтар  өткізді. 
   23.11.2016ж  аудандық   кіші ғылым  академиясы  байқауына   8 «А»  сынып  оқушысы   Амандық  Хатиже  «Қазақ  тіліндегі «ң»  дыбысының  қолданысы»  тақырыбымен  қатысып,  жүлделі  3- орын  иеленді,  жетекшісі  Сағынтаева Ж.Ш.  «Зият» Республикалық  кашықтықтан  откізілетін  ғылыми   жобалар  байқауынан  9-сынып   оқушысы  Мақсат  Әсем  жүлделі  1-орын  алды. Жетекшісі  Құрманбаева  Г.Е.
     Бірлестік  мүшесі  Ауенай  Бақытгүлдің Әдебиет  порталында  «Ауылым»  өлеңі, «Білімді   ұйымдастырудың   жаңа  парадигмасы»  атты    методикалық  жинаққа  «Абай-дана, Абай –дара»   өлеңі  басылып  шықты.    
    Жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдануда  қазақ  тілі  мен  әдебиеті    кабинеттері   жабдықталып,  мұғалімдердің  дидактикалық  материалдары  жүйеленуде.
 
                               2016-2017 оқу жылындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің атқарған жұмысы
2016-2017 оқу жылындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің атқарған жұмысы


 


       
 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив