OnlinеMektep платформасында жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » OnlinеMektep платформасында жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру
26
август
2020

OnlinеMektep платформасында жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру

    2020-2021 оқу жылы оқушылар мен мектеп мұғалімдері үшін жылдағыдан өзгеше болмақ. Елімізде орын алған карантиндік шаралар қалыпты тыныс тіршілігімізге бірқатар өзгерістер ала келді. Бұл өзгерістер  білім саласын да айналып өтпеді. Биылғы оқу жылында білім беру ұйымдары қашықтан оқу режиміне көшуде. Осыған орай мектеп мұғалімдері әр түрлі білім беру платформаларын қашықтан оқыту жағдайында қолдануға күш салуда. Bilim Media Grup компаниясының Bilim Land порталымен біріктіріле жасалған  OnlinеMektep платформасында жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру барысында мектеп мұғалімдерінің өтінішімен 24-26 тамыз аралығында оқыту семинарлары өткізілді. Семинар әрбір әдістемелік бірлестікпен санитарлық шараларды сақтай отырып,  жеке-жеке өткізілді. «Естідім- ұмыттым, көрдім - түсіндім, жасадым- үйрендім» демекші бейненұсқаулықты көріп қана қоймай, іс жүзінде жасап көріп, платформаның қыр-сырын игеруге күш салды. Мектеп жұмысының өрістеуі мен тыныс тіршілігінің жандануына  нәр беретін мұғалім болса, кез-келген қиындықтан алып шығушы да- мұғалім. Біздің әріптестеріміз қандай қиындықты болса да еңсеріп, қандай міндет жүктелсе де абыроймен атқара алатындарына нық сенімді.