Әдістемелік жұмыстар » Страница 3 » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құттықтаймыз!
13
май
2022
Құттықтаймыз!
Біз әркез ұстаздарымыздың кәсіби біліктілігінің жоғары екендігін мақтан етеміз.  Соның жарқын дәлелі, мектеп психологтары А. Разаева, И. Тілеубердіқызы “Қауіпсіз мектеп. Қауіпсіз орта” жобасы аясында “Психологиялық тұрғыда тұрмыстық-зомбылықтың алдын алу. Жасөспірімдік кезең ерекшеліктері” тақырыбында өткен облыстық семинар тренингте іс-тәжірибесімен бөлісіп, арнайы сертификаттарға ие болды.  Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
Құттықтаймыз!
06
май
2022
Құттықтаймыз!
Біз білім алушыларымыздың жетістіктеріне әркез қуанамыз. Жеңісте ұстаздарымыздың еңбектерінің жоғары екендігіне назар аударамыз. Аудандық бастауыш сыныптар арасында “Өнерлі екен он саусақ” тақырыбында өтілген сайыста 1 А сынып оқушысы Жүсіп Санжар жүлделі  орынды иеленді. Білім алушымызбен жетекшісі Ауғанбаева Гүлжанды шын жүректен құттықтаймыз! #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп 
Іс-тәжірибесімен бөлісті
08
апрель
2022
Іс-тәжірибесімен бөлісті
Бізді ұстаздарымыздың кәсіби біліктілігінің жоғары екендігі бізді қуантады. Біз әркез тәжірибелерімізбен бөлісуге дайынбыз.  "Мен - мұғаліммін" жобасы аясында ұйымдастырылып отырған аудандық семинар-практикумда орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Кадырова Расима Кабыкеновна жас мамандарға өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Сабақ барысында қолданылатын тың тәсілдерімен бөлісті.  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
Құттықтаймыз!
07
апрель
2022
Құттықтаймыз!
Біз ұстаздарымыздың кәсіби біліктілігінің жоғары екендігіне қуанамыз. Жалпы орта білім беру мекемелерінің жас мамандарына арналған “Педагогикалық дебют - 2022” аудандық байқауында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Базархан Раушан жүлделі  дәрежелі дипломмен марапатталды.  Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
“Озат тәжірибе - ортақ іс” тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің семинары
19
март
2022
“Озат тәжірибе - ортақ іс” тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің
Біз ұстаздарымыздың өзара тәжірибе алмасу дәстүрін қалыптастырдық. Осы мақсатта әртүрлі деңгейдегі семинар, тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылуда.  “Озат тәжірибе - ортақ іс” тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің семинары өтті. Ұстаздар  түрлі сабақ өтудің үздік әдістерін көрсетті. Сондай-ақ сабақ барысында балаларға қолдануға болатын интелектуалды ойындар туралы ақпарат беріп өтті.  Қатысушылар алдағы уақытта тың әдістерді қолдана отырып, жиі тәжірибе алмасуға келісті.  #АлматыОблысы
“Педагогикалық дуэт: тәлімгер және жас маман” байқауы
11
март
2022
“Педагогикалық дуэт: тәлімгер және жас маман” байқауы
Біз ұстаздарымыздың кәсіби біліктілігінің жоғары болуына ықпал етеміз. Олардың кәсіби біліктілігінің жоғары болуы бізді шабыттандырады.  Алғаш рет мектебімізде “Педагогикалық дуэт: тәлімгер және жас маман” байқауы өтті. Байқауға мектебіміздің пән бірлестіктерінен жас мамандар мен тәлімгерлеріміз қатысып, өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісті. Сабақ өтудің тың әдістері көрсетіліп, жаңа жобалар қорғалды.  Байқау қорытындысында   орынды география пәнінің мұғалімдері Кошыбаева К., Есмолдаев М. 
Семинар өтті
11
март
2022
Семинар өтті
«Сабақ барысындағы кері байланыстың тиімділігі» тақырыбында бастауыш 3 сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен семинар өткізілді.  Біздің мақсат мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау. Оқушылардың көңіл-күйіне, сабақтағы іс-әрекетке, оқу материалдарына рефлекция жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру. Семинар жоғары деңгейде өтіп, жаңа оқу тәсілдері көрсетілді. Өзара тәжірибе алмасудың тың жолдары жөнінде пікір алмасылды. 
Құттықтаймыз!
10
март
2022
Құттықтаймыз!
Біз білім алушыларымыздың жеңістерін үнемі бөлісіп отырамыз. Олар әркез өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете біледі.  Аудандық “Айбергенов әлемі” атты әдеби-өнер бәйгесінің “Жүрегімнің лапылдаған отымен…” жас ақындар мүшәйрасы бағыты бойынша  Ә сынып оқушысы Тәшімова Меруерт қатысып, жүлделі  орын иегері атанды.  Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Акылова Жанар.  Білім алушымызбен ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз!  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
ҮЗДІК ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ  - 2022
18
февраль
2022
ҮЗДІК ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ - 2022
Бізді ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі қуантады. Әрбір жетістігі ерекше құрметке ие.   Аудандық “ҮЗДІК ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ - 2022” байқауында @20ortamektep Информатика пәнінің мұғалімі ЕСКЕРМЕС ЕРСҰЛТАН ТІЛЕКҰЛЫ өзіндік шығармашылығы мен жаңашыл идеясын әдістемелік және кәсіби шеберлігін танытып  орын иеленді.  Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
ОНКҮНДІК ТЫНЫСЫ
09
февраль
2022
ОНКҮНДІК ТЫНЫСЫ
Өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі барысында мұғалімдер арасында "Қызық екен"  интелектуалды сайысы  өтті.  Сайыстың мақсаты ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту.  Сайысқа әр бірлестіктен бір мұғалім қатысты.  Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең "Бәйге",екінші кезең " Кел, шырқайық, үшінші кезең логикалық сұрақтар. Сайысқа қатысушыларды  QR код арқылы,"Ізгілік  жолы" және "Сүйіспеншілік әлемі"-деп екі топқа бөлініп, үш кезең бойынша берілген сұрақтарға жауап берді.  Іс-шара соңында қатысушыларға