Біз туралы » Страница 13 » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құттықтаймыз!
05
март
2022
Құттықтаймыз!
Біздің ұстаздарымыз өз жетістіктерімен ерекше құрметке ие.  Іле аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Математика, физика және информатика” пәндерінің жас мамандары арасында өткен “ҮЗДІК ЖАС МАМАН - 2022” байқауында “Ізденімпаз жас маман”номинациясын  физика пәнінің мұғалімі Әліқұл Дана, “Ізденімпаз мұғалім” номинациясын физика пәнінің мұғалімі Асқарова Альбина Талғатқызы жеңіп алды.  Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
Үздік өзін-өзі тану мұғалімі - 2022
03
март
2022
Үздік өзін-өзі тану мұғалімі - 2022
Біз ұстаздарымыздың кәсіби шебер болғанын қалаймыз. Олардың ізденістері Бізді қуантады. Шәкірттерімізде өз ұстаздарымен үнемі мақтанады. Іле аудандық “Үздік өзін-өзі тану мұғалімі - 2022” байқауында әдістемелік шеберлігі мен жаңашыл идеясы арқасында өзін-өзі тану мұғалімі Ажекова Самал Амантайқызы “БАС ЖҮЛДЕ” иегері атанды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп 
Қайырымдылық жәрмеңкесі
26
февраль
2022
Қайырымдылық жәрмеңкесі
Біз әркез оқушыларымыздың мейірімділік, адалдық, қамқорлық сияқты қасиеттерді меңгергенін қалаймыз. Сол мақсатта әртүрлі шараларды қолға аламыз.  Jas Sunqar оқушылар бірлестігі мен “20Мектеп Парламенті” Қамқорлық фракциясы көшбасшыларының ұйымдастыруымен “МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК” қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
Біздің мақтаныштар!
26
февраль
2022
Біздің мақтаныштар!
Біз білім алушыларымыздың патриоттық тәрбиесіне басымдық береміз. Олардың болашақта әскери саланың үздігі болатындығына сенімдіміз.  Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған облыстық “Жас мерген” турнирінде Іле ауданының атынан 9 “Ә” кадет сыныбы қарумен үздік өнер көрсетті.  Біз олармен әркез мақтанамыз!  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМ ектеп
Құттықтаймыз!
25
февраль
2022
Құттықтаймыз!
Бізді ұстаздарымызбен білім алушыларымыздың жетістіктері қуантады. Іле аудандық Мұқағали Мақатаев оқуларының "Көкірегімде жыр сәулесі маздайды..." номинациясына қатысып жүлделі 3-орынды иеленген 8"К" сынып оқушысы Төлебек Аринаны, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асамбекова Дарига Шатырбековнаны шын жүректен құттықтаймыз! 
БӘРІ МЕКТЕП ҮШІН!
20
февраль
2022
БӘРІ МЕКТЕП ҮШІН!
 Бәрі мектеп үшін! “20Мектеп Парламенті” экология және еңбек фракциясының жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Сахиева Ж., аталмыш фракция көшбасшысы 10 В сынып оқушысы Құрбаш Б. кезекті  көктемге көшет дайындау науқанын бастады. Жоба арқылы мектеп ауласына жаңа гүлдер отырғызылу жоспарлануда.   Мектебіміздің ұстаздары мен білім алушыларының жүйелі жұмысы нәтижесінде, оқу ордамыздың жайлы атмосферасы қалыптасты. Барлық қабаттар мен оқу кабинеттері, фойе, мектеп ауласына гүлдер отырғызылып,
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19
февраль
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бізді білім алушыларымыздың жетістіктері қуантады. Олардың білім мен спортқа деген қызығушылығының жоғары болғандығын қалаймыз. Өскемен қаласында жасөспірімдер арасында ГРЕПЛИНГнен (AIGA версиясы) өткен Республикалық кубогында 70 кг салмақ дәрежесінде, 10 Б сынып оқушысы Лесбек Бекнұр  орын иегері атанды. Білім алушымызды құттықтаймыз!
ОБЛЫСҚА ЖОЛДАМА
18
февраль
2022
ОБЛЫСҚА ЖОЛДАМА
Біз әріптестеріміздің жетістіктерін әркез мақтан етеміз. Бұл үрдіс өз жалғасын табады. “2022 жыл - Балалар жылы” аясында Іле ауданындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында өткен “ВОЛЕЙБОЛ” спорттық ойын жарысында @20ortamektep директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Аскербекова белсенді қатысып, Құрмет грамотасына ие болды. Командасы Бас жүлдеге ие болып, облыстық жарысқа жолдама алды! Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
18
февраль
2022
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Елін сүйген ер болар. Биыл кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толды.  Осы мақсатта білім алушылар ауған соғысы ардагерлерімен кездесті. Оқуышлар мен қонақтар жат жерде шейіт болғандарды еске алып, ардагерлерге құрмет көрсетті.  Кездесу соңында білім алушылар құрметке бөленген ардагерлерге алғыс білдірді.  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
ҮЗДІК ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ  - 2022
18
февраль
2022
ҮЗДІК ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ - 2022
Бізді ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі қуантады. Әрбір жетістігі ерекше құрметке ие.   Аудандық “ҮЗДІК ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ - 2022” байқауында @20ortamektep Информатика пәнінің мұғалімі ЕСКЕРМЕС ЕРСҰЛТАН ТІЛЕКҰЛЫ өзіндік шығармашылығы мен жаңашыл идеясын әдістемелік және кәсіби шеберлігін танытып  орын иеленді.  Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп