«Үздік сабақ жоспары» » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Үздік сабақ жоспары»
24
январь
2020

«Үздік сабақ жоспары»

Мектеп — тынымсыз тіршіліктің ордасы болса, сол орданың тамырына қан жүгіртіп отырған мамандық иелері – ұстаздар. Ал бала — ел болашағы, ұстаздың алдында — ел болашағы білім алады. Бұл өте зор жауапкершілік, сол себептен ұстаздарға үнемі ізденіс үстінде жүру керек болады.
Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына сай тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау болып табылады. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны шығармашылық ізденіске баулып, дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығаруға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың, яғни жаңашыл мұғалімнің ғана қолынан келеді.
Осы орайда Алматы облысы Іле ауданы М. Түймебаев ауылындағы №20 орта мектепте мұғалімдер арасында «Үздік сабақ жоспары» байқауы өткізілді. Байқауға барлық пән мұғалімдері қатысып, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Нәтижесінде бастауыш сынып мұғалімі Қ. К. Ермекбаева 1- орын иеленсе, информатика пәні мұғалімі Ә. С. Тұрсынбай мен биология пәні мұғалімі А.Е.Түсіпжанова 2-орынды, химия пәні мұғалімі А.Т. Екейбаева мен орыс тілі пәні мұғалімі З. Г. Мирзаханова 3-орынды иеленді. Басқа қатысушылар мектеп әкімшілігінің Алғыс хатымен марапатталды. Байқау барысында тәжірибелі ұстаз А.А. Далибаева ҚМЖ жазуға қойылатын талаптарға тоқтала отырып, байқауға қатысушы мұғалімдердің жұмыстарына талдау жасап, жақсартудың жолдарын ұсына отырып, әріптестерге тиімді кері байланыс берді. Мектепте өткізілетін осындай кәсіби байқаулар мұғалім шығармашылығын шыңдауға септігін тигізері сөзсіз. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Похожие публикации:

01 сентябрь 2020 Білім күні
16 сентябрь 2020 Тіл - ел байлығы
18 сентябрь 2020 Ұстаз ұлы есім!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив