Бала қонақтайтын отбасы туралы ереже » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бала қонақтайтын отбасы туралы ереже
21
сентябрь
2020

Бала қонақтайтын отбасы туралы ереже

Бала қонақтайтын отбасы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 402 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 шілдеде № 14053 болып тіркелді ".

      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 137-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бала қонақтайтын отбасы туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (М.С. Әбдікәрім) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 5, 11, 12, 13-тармақтарын және 17-тармақтың 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
 Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      201 __ жылғы "____" _____


 
 

      ______________ Т. Дүйсенова


 
 


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2016 жылғы 28 маусымдағы
 № 402 бұйрығымен
 бекітілген

Бала қонақтайтын отбасы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бала қонақтайтын отбасы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді.

      2. Бала қонақтайтын отбасы – барлық үлгідегі ұйымдардағы (білім беру, медициналық және басқалар) (бұдан әрі – ұйым), жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) тәрбиелеуге уақытша қабылдаған отбасы.

      Мектеп жасына дейінгі балалар үшін бала қонақтайтын отбасында болу мерзімін тараптардың келісімі бойынша мемлекеттің қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – орган) айқындайды, бірақ бір айдан аспайды.

      3. Бала (балалар) қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар, бала (балалар) тұрып жатқан ұйым және бала (балалар) қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдардың тұрғылықты жері бойынша орган арасында жасалған бала (балалар) қонақтайтын отбасына беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы қонақтайтын отбасына беруге негіз болып табылады.

      4. Баланы (балаларды) күтіп-бағуға арналған ақшалай қаражат төлемі және баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына қабылдаған адамның еңбегіне ақы төлеу жүргізілмейді.

      5. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкінде (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) тіркелген жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру жүзеге асырылады.

      6. Республикалық деректер банкінде жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, сондай-ақ жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтер қамтылған.

2-тарау. Балаларды қонақтайтын отбасына беруді ұйымдастыру

      7. Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдарды іріктеуді органдар жүзеге асырады.

      8. Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына мыналарды:

      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;

      2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

      3) өзiне жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы), патронаттық тәрбиеші мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;

      4) егер олардың кінәсінен бала асырап алу күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

      5) бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде;

      6) баланы қонақтайтын отбасына белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдарды;

      7) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және адамгершілікке, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда);

      8) тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды;

      9) азаматтығы жоқ адамдарды;

      10) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;

      11) асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;

      12) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды қоспағанда кәмелетке толған адамдарды қабылдайды.

      9. Баланы қонақтайтан отбасына қабылдауға тілек білдірген адам тұрғылықты жері бойынша органға мыналарды:

      1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдіргені туралы өтінішті;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (тұпнұсқаларын ұсына отырып);

      3) жұбайының (зайыбының) жазбаша келісімін (егер азамат некеде тұрса);

      4) отбасының соңғы 12 айдағы жиынтық табысының мөлшері туралы анықтаманы;

      5) егер некеде тұрса, тұлғаның, жұбайының (зайыбының) Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтаманы, сондай-ақ "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – № 907 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманы;

      6) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша адамның, қылмыс жасағаны туралы мәліметтің бар немесе жоқтығы туралы анықтамаларды;

      7) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін береді.

      10. Орган үш жұмыс күні ішінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес баланы (балаларды) бала қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау актісін жүргізеді және осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Баланы бала қонақтайтын отбасына қабылдаудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды дайындайды.

      Берілген сәттен бастап 12 ай ішінде жарамды болатын қорытынды негізінде орган баланы таңдау үшін ұйымға жолдама береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.06.2019 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
 

      11. Орган он қорытынды негізінде бала қонақтайтын отбасына үміткерлер туралы мәліметті Республикалық деректер банкіне енгізеді.

      12. Бала қонақтайтын отбасына үміткерлер Республикалық деректер банкінде баланы таңдауды жүзеге асырады және балаға баруға автоматты түрде қалыптастырылған жолдаманы алады.

      13. Бала асырап алушыларға, қамқоршыларға (қорғаншыларға), патронаттық тәрбиешілерге, баланы қабылдайтын ата-аналарға үміткер ретінде Республикалық деректер банкінде есепте тұрған адамдар автоматты түрде бала қонақтайтын отбасына үміткерлер болып танылады.

      14. Органның шартты жасасудан бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сот органдарына шағымданады.

      15. Балалардың мүдделеріне сай келетін не балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, ағалы-інілерді, апалы-сіңлілерді-қарындастарды ажыратуға жол берілмейді.

      16. Он жасқа толған балаларды қонақтайтын отбасына беру оның келісімімен ғана жүзеге асырылады.

      17. Бала (балалар) қонақтайтын отбасына берілетін ұйым:

      1) баланың қонақтайтын отбасына беру туралы пікірін анықтайды;

      2) адамдарға бала қонақтайтын отбасына бала (балалар) туралы мәлімет ұсынады;

      3) баламен (балалармен) қатынасу үшін жағдай жасайды;

      4) баланы қонақтайтын отбасына берудің мерзімін келіседі;

      5) үміткер мен бала арасында орын алған өзара қарым-қатынасты ескере отырып, Республикалық деректер банкінен таңдау нәтижесі туралы мәліметті толтырады;

      6) шарт жасасқаннан кейін ұйымның бұйрығы негізінде баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беруді жүзеге асырады;

      7) бала қонақтайтын отбасына берілген балаларды есепке алуды жүргізеді.

      18. Іріктеудің оң нәтижесі болған кезде бала қонақтайтын отбасының тұрғылықты жері бойынша орган шарт жасайды.

      Каникул кезеңінде, мерекелік және демалыс күндері берудің мерзімін көрсете отырып, күнтізбелік бір жылға шарт жасалуы мүмкін.

      19. Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына берудің әр жағдайы бойынша ұйымда бөлек бұйрық шығады.

      20. Бала қонақтайтын отбасына берілген әрбір балаға жеке шарт жасалады.

      21. Ұйым бала қонақтайтын отбасына берілген әрбір балаға:

      1) заңда белгіленген тәртіппен расталған баланың (балалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) бала қонақтайтын отбасында болған кезеңде балаға (балаларға) қажетті медициналық құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      22. Ұйым бала қонақтайтын отбасына психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыруда көмек көрсетеді.

      23. Шарт:

      1) Дәлелді себептері (сырқаттануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалармен арадағы жанжалдар) болған кезде баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына қабылдаған адамдардың бастамасы бойынша;

      2) баланы (балаларды) күтіп-бағу және тәрбиелеу үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша;

      3) бала (балалар) бала қабылдайтын отбасына, патронатқа қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа берілген немесе бала (балалар) асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылады.

      24. Баланың (балалардың) өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда қамқоршылық және қорғаншылық органы баланы қонақтайтын отбасынан шұғыл түрде алып қою жөнінде шараларды қолданады.

      25. Баланы қонақтайтын отбасына қабылдаған адам:

      1) бала қонақтайтын отбасында болған кезеңде баланы (балаларды) тәрбиелеу мен күтіп-бағу үшін жағдай жасайды, оның бос уақытын ұйымдастырады және, оған пайдалы дағдыларды үйретеді;

      2) бала қонақтайтын отбасында болған кезеңде баланың (балалардың) өмірі мен денсаулығына жауапты болады;

      3) шартта белгіленген мерзімге сәйкес баланы (балаларды) ұйымға уақытылы қайтаруды қамтамасыз етеді;

      4) баланың өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдың туындағаны, баланың науқастанғаны, жарақат алғаны, медициналық ұйымға немесе ішкі істер органдарына орналастырылғаны туралы жиырма төрт сағат ішінде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға және бала (балалар) тұрып жатқан ұйымға хабарлайды.

      26. Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі заңды өкілдердің міндеттерін тоқтатпайды.

      27. Бала қонақтайтын отбасына берілген баланы (балаларды) бақылауды баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына қабылдаған тұлғаның тұратын жері бойынша орган жүзеге асырады.


Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеге
 № 1 қосымша

      нысан

Баланы қонақтайтын отбасына беру туралы
 ШАРТ

      №__________

      "__"________20_____ж.

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің

137-2-бабының негізінде қорғаншылық және қамқоршылық функциясын

      жүзеге асыратын органның атынан _____________________________________

      (уәкілетті лауазымды тұлғаның аты-жөні (бар болса), жетім балалар мен

      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру

      ұйымдарының басшысы ретінде ________________________________________,

      бала қонақтайтын отбасы ретінде _____________________________________

      (аты-жөні толығымен (бар болса), жеке куәлік нөмірі, қашан және кім

      берген, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі -ЖСН) төмендегілер

      туралы Шарт жасасты:

      1. Шарттың мәні

      Орган жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

      балаларға арналған білім беру ұйымынан

      ______________________________________________ (баланың аты-жөні (бар

      болса), туған жылы, туу туралы куәліктің №, ЖСН) бала қонақтайтын

      отбасының тәрбиесіне береді.

      2. Қорғаншылық және қамқоршылық органының құқықтары мен міндеттері

      1. Бала қонақтайтын отбасына берілген баланың (балалардың) өмір сүру жағдайы, күтімі мен тәрбиесі бойынша бақылауды іске асыру;

      2. Отбасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша әдістемелік көмек көрсету;

      3. Егер баланың (балалардың) өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп-қатер туындаған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы дереу баланы қонақтайтын отбасынан қайтарып алу бойынша шара қабылдайды.

      3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға

      арналған ұйымдардың құқықтары мен міндеттері

      1. Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеде белгіленген тізбеге сәйкес бала туралы мәліметті бала қонақтайтын отбасына беру;

      2. Бала қонақтайтын отбасына әлеуметтік, медициналық, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша қызмет көрсету;

      3. Баланың тәрбиелену және өмір-сүру жағдайын тексеру мақсатында бала қонақтайтын отбасына бару.

      4. Бала қонақтайтын отбасының құқықтары мен міндеттері

      1. Бала қонақтайтын отбасының:

      1) баланы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкетуге;

      2) баланы (балаларды) медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымға немесе ішкі істер органдарына орналастыру жағдайларын не қосымша білім беру ұйымдарына бару кезеңін қоспағанда, баланы (балаларды) үшінші тұлғалардың (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың) қадағалауына қалдыруға;

      3) баланы қонақтайтын отбасына беру туралы шарттың өзге де талаптарын бұзуға құқығы жоқ.

      2. Баланы қонақтайтын отбасына қабылдаған тұлға:

      1) бала қонақтайтын отбасында болған кезеңде оның өмір сүруі мен денсаулығы үшін жауапты болу, бос уақытын ұйымдастыру, пайдалы дағдыларды үйрету және қоғамда әлеуметтенуіне жәрдемдесу бойынша жағдай жасауға;

      2) бала қонақтайтын отбасына тәрбиелеуге қабылданған баланың (балалардың) құқықтарын сақтауға;

      3) шарт мерзімі кезінде ұйым әкімшілігімен байланыста болуға;

      4) шарт жағдайының өзгеруіне (жол жүру, тұрғылықты жерінің ауысуы) әкелетін фактілер туралы заңды өкілдерге уақытылы хабарлауға;

      5) шартта көрсетілген мерзім аяқталған соң баланы (балаларды) қабылдау туралы акт бойынша ұйымға баланы уақытылы қайтаруды қамтамасыз етуге;

      6) баланың өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдың туындағаны, баланың науқастанғаны, жарақат алғаны, медициналық ұйымға немесе ішкі істер органдарына орналастырылғаны туралы жиырма төрт сағат ішінде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға немесе бала тұратын ұйымға хабарлауға;

      7) бала қонақтайтын отбасы туралы ереженің басқа да талаптарын сақтауға міндетті.

      5. Шарттың қолданылу мерзімі

      1. Осы шарт _________ айға, келесі каникул, демалыс және мереке

      күндері кезеңіне жасалады ___________________________________________

      (күндері көрсетіледі) және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      2. Бала қонақтайтын отбасына жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды беру туралы шарт мына жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін:

      1) баланы қонақтайтын отбасына қабылдаған тұлғалардың бастамасы бойынша дәлелді себептердің болуы (науқастануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы дау-жанжал және басқа да жағдайлар);

      2) баланы тәрбиелеу мен асырап-бағу үшін жағымсыз жағдайлар туындаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнінде функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша;

      3) баланы қорғаншылық немесе қамқоршылыққа, қабылдайтын отбасына, патронат немесе баланы асырап алуға беру жағдайында.

      3. Осы шартты орындау процесінде тараптар арасында туындаған дау-дамай оның туындаған кезінен бастап өзара келісілген шешімге келу мақсатында тараптармен бір ай мерзімде қарастырылады, келісім болмаған жағдайда сот арқылы шешіледі.

1-тарап

Баланы қонақтайтын отбасына

қабылдаған тұлғаның тұрғылықты

жері бойынша қорғаншылық және

қамқоршылық органы __________________________________

__________________________________

__________________________________

________________

М.О.

"__" ____________________ 20_ ж.

2-тарап

Бала қонақтайтын отбасы:

Т.А.Ә. (бар болса)_______________

Тұрғылықты жерінің мекенжайы

_________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________

__________________ қолы

"__" ___________________ 20_ ж.


 
 

      3-тарап

      Жетім балалар мен ата-анасының

      қамқорлығынсыз қалған балаларға

      арналған ұйым

      ___________________________

      "___" __________ 20 ___ ж. М.О.


Нысан


"Бекітемін"


Аудандардың, облыстық және
 республикалық маңызы бар
 қалалардың, астананың
 жергілікті атқарушы
 органының басшысы
 _________________________
 (Т.А.Ә. (бар болғанда)
 мекенжайы бойынша тұратын,
 телефоны азамат(ша)
 _________________________
 _________________________
 _________________________
 (Т.А.Ә. (бар болса) және жеке


сәйкестендіру нөмері)

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.06.2019 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өтініш

      Мен, __________________________________________________________

      ______________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса),

      жылы тұған)._____________________________(баланың (балалардың) Т.А.Ә.

      бар болса) __________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      бала қонақтайтын отбасына қабылдау мүмкіндігі туралы қорытынды беруді

      сұраймын.

      Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайымды тексеріп-қарауға қарсы емеспін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия

      мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      "___" ____________ 20 __ жыл тұлғаның қолы


Нысан


"Бекітемін"


Аудандардың, облыстық және
 республикалық маңызы бар
 қалалардың, астананың
 жергілікті атқарушы
 органының басшысы
 ____________________________

      (Т.А.Ә. (бар болғанда)
 20___ жылғы "__"
 ___________________________

      күні, қолы, мөрдің орны

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.06.2019 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Баланы (балаларды) бала қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек
 білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын
 тексеріп-қарау
 АКТІСІ

      Тексеріп-қарау жүргізілген

      күні ________________________________________________________________

      Тексеріп-қарауды жүргізген

      _____________________________________________________________________

      (тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болса), лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын

      органның мекенжайы және телефоны:

      _____________________________________________________________________

      1. Тұрмыс жағдайына тексеру жүргізілді

      (Т.А.Ә., (бар болса) туған күні)

      _____________________________________________________________________

      Жеке куәлік құжаты

      _____________________________________________________________________

      Мекенжайы (тіркелген жері бойынша)

      _____________________________________________________________________

      Нақты тұрғылықты жері

      _____________________________________________________________________

      Білімі

      _____________________________________________________________________

      Жұмыс орны

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.(бар болса), туған күні)

      _____________________________________________________________________

      Жеке куәлік құжаты

      _____________________________________________________________________

      Мекенжайы (тіркелген жері бойынша)

      _____________________________________________________________________

      Нақты тұрғылықты жері

      _____________________________________________________________________

      Білімі

      _____________________________________________________________________

      Жұмыс орны

      _____________________________________________________________________

      2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының сипаттамасы

      Үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжат

      _____________________________________________________________________

      Тұрғын үй меншік иесінің Т.А.Ә. (бар болса)__________________________

      Жалпы ауданы __________ (ш. м.) тұрғылықты ауданы ___________ (ш. м.)

      Тұрғын бөлмелердің саны _________

      Тіркелгендер

      _____________________________________________________________________

      (тұрақты, уақытша)

      Тұрғын үйдің жайлылығы

      _____________________________________________________________________

      (абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)

      Санитариялық-гигиеналық жай-күйі

      _____________________________________________________________________

      (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

      Тұрғын-үй туралы қосымша мәліметтер (балаға арналған жеке жатын

      орынның, сабақ дайындауға, демалуға арналған орынның, жиһаздардың бар

      болуы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Жұмыс орны, лауазымы немесе оқу орны

Туыстық қатынастары

Ескертпе












 
 

      4. Отбасының табысы туралы мәлімет: жалпы сома _____________, оның

      ішінде жалақы, басқа да табыстар __________________________ (жазу).

      5. Бала қонақтайтын отбасына қабылдаудың сипаттамасы (отбасындағы

      жеке тұлғалық қарым-қатынасы, жәке тұлғалық қарым-қатынасы,

      қызығушылығы, балалармен қарым-қатынас тәжірибесі, барлық отбасы

      мүшелерінің балаларды қабылдауға дайындығы) _________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      6. Баланы (балаларды) бала қонақтайтын отбасына қабылдау себебі:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      7. Қорытынды (баланы (балаларды) бала қонақтайтын отбасына беру үшін

      жағдайдың бар болуы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _______________ ____________________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі)

      _______________

      (күні)

      Таныстым: _______________________________________________________(ТАӘ

      (бар болса), күні, қонақтайтын отбасы кандидатуралардың қолы)


Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеге
 № 4 қосымша

      нысан

Баланы (балаларды) бала қонақтайтын отбасына қабылдаудың
 мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы
 ҚОРЫТЫНДЫ

      Т.А.Ә., (бар болса), туған күні

      _____________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болса), туған күні

      _____________________________________________________________________

      Мекенжайы: __________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Отбасының сипаттамасы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Білімі және кәсіптік қызметі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Денсаулық жай-күйінің сипаттамасы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Отбасында тәрбиелену үшін баланың қабылдану себебі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Баланың кандидатурасы бойынша тілектері

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қорытынды

      _____________________________________________________________________

      лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса), күні, қолы, мөр орны


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив