“Sagadat Batyr - QTT” спорт клубының жылдық есеп беру кеші » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Sagadat Batyr - QTT” спорт клубының жылдық есеп беру кеші
21
декабрь
2019

“Sagadat Batyr - QTT” спорт клубының жылдық есеп беру кеші

«Елдің атын ер шығарар,
Ердің атын ел шығарар» демекші, «Сағадат батыр» спорт клубының шәкірттері джиу-джитсу және грепллинг күресі бойынша жасөспірімдер арасындағы еліміздің ең үздік командасы деп айтсақ артық болмас.
Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовтың 95 жылдығына орай осы жылғы жетістіктерді бөлісу мақсатында №20 орта мектебінде «Сағадат батыр» спорт клубының жылдық қорытынды есеп беру кеші өтті..Кештің құрметті қонақтары Іле аудандық мәслихат төрағасы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, С.Қ.Нұрмағанбетов атындағы «Sagadat Batyr» спорт клубының президенті , Алматы облысының бас жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Н.К.Елькеев, Іле аудандық ардагерлер алқасының төрағасы «Нұр Отан» бюросы мүшесі Ә.Ә.Исаев болды.
«Sagadat Batyr» спорт клубының 2019 жылы Әлем чемионатында, халықаралық турнирлерде еліміздің көк туын желбіреткен жас сспротшылармыз, спорт шеберлері «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының алғыс хатымен марапатталды. Кеш барысында спортшылар қонақтарға боз кілемге шығып, өнерлерін паш етті. Жас спортшылардың өнеріне тәнті болған ел ағалары ақ батасын берсе, мектеп оқушылары «Ақ көгершін» тобы «Бақытты балалық» әнін шырқады. Бүгінгі бейбіт күннің батырларына арналған Қуаныш Жазайдың сөзіне жазылған, Ескендір Ибрагимовтың «Ертолғау» әнінің тұсауы осы кеште кесілді. Бұл ән осы спорт клубының әнұраны ретінде арнайы жазылған. Әнді қазақ эстрадасының жұлдызы Айбар Серкебаев орындады. «Sagadat Batyr» спорт клубында №20 орта мектептің 40-тан астам оқушысы осы спорт түрімен айналысады. Оның ішінде Мадамин Бексұлтан, Құлымбетова Жібек сынды жеңімпаз оқушыларды ерекше атап өтуге болады.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив