Оқушылар жетістіктері » Страница 2 » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Елбасы медалі” жобасының қола деңгейіне қатысып, жеңімпаз атанды.
16
февраль
2023
“Елбасы медалі” жобасының қола деңгейіне қатысып, жеңімпаз атанды.
]Талантты, талапты шәкірттерімізді әркез мақтан етеміз! 11 сынып оқушысы Сымбат Жамбасбаева “Елбасы медалі” жобасының қола деңгейіне қатысып, жеңімпаз атанды. “Елбасы медалі-табыстың 7 бағыты. Жоба жан-жақты дамуға өз септігін тигізді. 7 түрлі бағыт, тәлімгерлер мен жобаластарыммен өткізген уақыт - есте қаларлықтай болды. Қола деңгейді таңдап, 6-ақ айдың ішінде 6 түрлі дағдыны бойыма сіңіре алдым, “- дейді Сымбат. Шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз! 
Жеңіспен оралды!
05
февраль
2023
Жеңіспен оралды!
Біз білім алушыларымыздың әрбір жеңісін айрықша бағалаймыз. Оларға әркез қолдау білдіруге дайынбыз. Іле ауданы бойынша мектеп лигасының 7-8 сынып арасындағы өткен аймақтық қыздар волейбол жарысында мектебіміздің оқушылары  орын иеленді. Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сарманов Аманкелдіні шын жүректен құттықтап, шәкірттерінің биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!
JAS SUNQAR Президенті болып сайланды
04
февраль
2023
JAS SUNQAR Президенті болып сайланды
 @mustafashamshi_ JAS SUNQAR Президенті болып сайланды. Құттықтаймыз! Мектебіміздің қоғамдық өміріне жаңа серпін алып келеді деп сенеміз!
Биыл 7 түлек “Алтын белгі” иегері атанды
21
июнь
2022
Биыл 7 түлек “Алтын белгі” иегері атанды
Биыл 7 түлек “Алтын белгі” иегері атанды Алтын белгі иегерлерінің бірі - Куандыков Азаматтың айтуынша, мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасына айналды.  “Мектепте өткізген оқушылық өмірімізде бізге ұлағатты істер мен саналы тәрбиені бойымызға сіңірді. Біз мұны әркез бағдар етеміз” - дейді Алтын белгі иегері.  @oqu_agartu_ministrligi  @aimagambetov  @rumcdo_official  @ilebilim  @bakytjan.zarina
"Жас Ұлан" ұйымы
12
май
2022
"Жас Ұлан" ұйымы
Біз білім алушыларымыздың патриоттық тәрбиесіне ерекше назар аударамыз. Болашақта ел тізгінін ұстайтын тұлғаларға айналатындығына сенімдіміз.  “Жас ұлан” Республикалық біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы - нағыз көшбасшылар ордасы. Аталмыш ұйымның мектебімізде жан-жақты нәтижелі жұмыс атқаруына айрықша ықпал етудеміз.  2022 жыл - Балалар жылы аясында өткізілген “Жас ұлан” ұйымының аудандық слетында жоғары жетістіктері үшін @20ortamektep “Жас Ұлан” ұйымы мен Ұланбасы М. Бекеновке Алматы
Жүлделі орын иеленді
01
апрель
2022
Жүлделі орын иеленді
Білім алушыларымыздың әртүрлі сайыстардан жүлделі орындарды иеленуі бізді қуантады. Ұстаздарымыздың үлесінің жоғары екендігіне қуанамыз.  Абай поэзиясына , ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын ізгілікке, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған “АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ” бағыты бойынша қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу сайысында 11 Г сынып оқушысы Бекен Дана  жүлделі  орынды иеленді.  Жетекшісі Алдамжарова Құралай Абдреимқызымен білім
Құттықтаймыз!
12
март
2022
Құттықтаймыз!
Біз білім алушыларымыздың салауатты өмір салтын сақтай отырып, спортпен жиі шұғылдануына ықпал етеміз.  Камбат дзю-дзюцудан жасөспірімдер мен ересектер арасында  Қазақстан Республикасының чемпионатында  келі салмақ дәрежесінде 10 Б сынып оқушысы Әлнұр Олжас  орын, 60 кг салмақ дәрежесінде 10 Г сынып оқушысы Канатбаев Ринат  орын иегері атанды.  Білім алушыларымызды спорттағы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
Құттықтаймыз!
25
февраль
2022
Құттықтаймыз!
Бізді ұстаздарымызбен білім алушыларымыздың жетістіктері қуантады. Іле аудандық Мұқағали Мақатаев оқуларының "Көкірегімде жыр сәулесі маздайды..." номинациясына қатысып жүлделі 3-орынды иеленген 8"К" сынып оқушысы Төлебек Аринаны, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асамбекова Дарига Шатырбековнаны шын жүректен құттықтаймыз! 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19
февраль
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бізді білім алушыларымыздың жетістіктері қуантады. Олардың білім мен спортқа деген қызығушылығының жоғары болғандығын қалаймыз. Өскемен қаласында жасөспірімдер арасында ГРЕПЛИНГнен (AIGA версиясы) өткен Республикалық кубогында 70 кг салмақ дәрежесінде, 10 Б сынып оқушысы Лесбек Бекнұр  орын иегері атанды. Білім алушымызды құттықтаймыз!
2-ОРЫН ИЕЛЕНДІ
13
февраль
2022
2-ОРЫН ИЕЛЕНДІ
Біздің білім алушыларымыз білім мен бірге спортпен жүйелі шұғылданады. Нәтижесінде әртүрлі жарыстардан жүлделі оралады. 7-8 сынып қыздар арасында өткен аймақтық “МЕКТЕП ЛИГАСЫ” волейбол жарысында мектеп командасы 2-орын иегері атанды. Жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз! #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп