11
декабрь
2019
№20 орта мектеп бойынша 2019-2020 оқу жылындағы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы.
2019-2020 оқу жылында «Жалпыға бірдей білім беру қорынан» 180 оқушы тегін ыстық тамақпен, 10 оқушы арендатор есебінен ыстық тамақпен қамтылған. Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын мектеп медбикесі Байкенжеева Мөлдір күнделікті қадағалап отыр. Ата-ана, оқушылар тарапынан арыз, шағым жоқ. Оқушылар күнделікті кесте бойынша тамақтанады. Мектеп асханасында дайындалатын тағамдардың сапасы, дәмі, құрамы, мөлшері нормаға сай. Асханадан тегін ыстық тамақ ішетін оқушылар I ауысым таңертең 09.40-та, аралық ауысым 12.10-да, II ауысым 15.40-та тамақтанады. Тамақтану кезінде асхананың қызмет көрсетуіне, тағам сапасына, ата-аналар, оқушылыр, ұстаздар тарапынан шағым түспеген. Асхананың санитарлық гигиеналық жағдайы талапқа сай. Асхана қызметкерлері өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды.