Ата-аналарға » Страница 7 » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ашық есік" күніне шақырамыз!
15
март
2022
"Ашық есік" күніне шақырамыз!
Біз білім алушыларымыздың болашақта кәсіби маман иелері болуына басымдық береміз. Осы мақсатта түрлі бағыттағы шараларды қолға аламыз.   16 наурыз күні, білім 9-11 сынып білім алушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында  колледждермен кездесу өтетіндігін хабарлаймыз!  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
Ұлы Даланың ең нәзік мерекесімен!
07
март
2022
Ұлы Даланың ең нәзік мерекесімен!
 Құрметті ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен зор ықыласыммен құттықтаймын! Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілікке, мейірім мен шапағатқа бөлейді.  Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын нәзік жандыларға ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Сіздердің  қоғам өмірінде алатын орындарыңыз ерекше.  "Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деген нақыл сөз бекер айтылмаған.  Сіздердің жетістіктеріңіз
Мың алғыс!
02
март
2022
Мың алғыс!
Мың алғыс!  Біз әркез білім алушыларымыздың бойына мейірімділік, адалдық, қамқорлық секілді асыл қасиеттерді бойларына сіңіруіне ерекше мән береміз. Сол мақсатта түрлі бағыттағы шараларды ұйымдастырамыз.  Көктемнің алғашқы мерекесіне орай, педагог ұйымдастырушы М. Бектеміс, Jas Sunqar оқушылар бірлестігі, “20Мектеп Парламенті” өзін-өзі басқару ұйымы көшбасшыларының ұйымдастаруымен округіміздегі ардагер ұстаздармен қарттарға алғыс айту шарасын өткізді.  Олардың адал еңбектері әрқашан жадымызда.
БӘРІ МЕКТЕП ҮШІН!
20
февраль
2022
БӘРІ МЕКТЕП ҮШІН!
 Бәрі мектеп үшін! “20Мектеп Парламенті” экология және еңбек фракциясының жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Сахиева Ж., аталмыш фракция көшбасшысы 10 В сынып оқушысы Құрбаш Б. кезекті  көктемге көшет дайындау науқанын бастады. Жоба арқылы мектеп ауласына жаңа гүлдер отырғызылу жоспарлануда.   Мектебіміздің ұстаздары мен білім алушыларының жүйелі жұмысы нәтижесінде, оқу ордамыздың жайлы атмосферасы қалыптасты. Барлық қабаттар мен оқу кабинеттері, фойе, мектеп ауласына гүлдер отырғызылып,
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19
февраль
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бізді білім алушыларымыздың жетістіктері қуантады. Олардың білім мен спортқа деген қызығушылығының жоғары болғандығын қалаймыз. Өскемен қаласында жасөспірімдер арасында ГРЕПЛИНГнен (AIGA версиясы) өткен Республикалық кубогында 70 кг салмақ дәрежесінде, 10 Б сынып оқушысы Лесбек Бекнұр  орын иегері атанды. Білім алушымызды құттықтаймыз!
ОБЛЫСҚА ЖОЛДАМА
18
февраль
2022
ОБЛЫСҚА ЖОЛДАМА
Біз әріптестеріміздің жетістіктерін әркез мақтан етеміз. Бұл үрдіс өз жалғасын табады. “2022 жыл - Балалар жылы” аясында Іле ауданындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында өткен “ВОЛЕЙБОЛ” спорттық ойын жарысында @20ortamektep директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Аскербекова белсенді қатысып, Құрмет грамотасына ие болды. Командасы Бас жүлдеге ие болып, облыстық жарысқа жолдама алды! Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
18
февраль
2022
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Елін сүйген ер болар. Биыл кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толды.  Осы мақсатта білім алушылар ауған соғысы ардагерлерімен кездесті. Оқуышлар мен қонақтар жат жерде шейіт болғандарды еске алып, ардагерлерге құрмет көрсетті.  Кездесу соңында білім алушылар құрметке бөленген ардагерлерге алғыс білдірді.  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
ҮЗДІК ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ  - 2022
18
февраль
2022
ҮЗДІК ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ - 2022
Бізді ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі қуантады. Әрбір жетістігі ерекше құрметке ие.   Аудандық “ҮЗДІК ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ - 2022” байқауында @20ortamektep Информатика пәнінің мұғалімі ЕСКЕРМЕС ЕРСҰЛТАН ТІЛЕКҰЛЫ өзіндік шығармашылығы мен жаңашыл идеясын әдістемелік және кәсіби шеберлігін танытып  орын иеленді.  Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
ПІКІРТАЛАС
17
февраль
2022
ПІКІРТАЛАС
Біз білім алушыларымыздың Отанына деген құрметінің жоғары болып, ұлттық құндылықтармен бірге, барлық ұлттарға құрметпен қарауын қалаймыз. Осы мақсатта әртүрлі шараларды ұйымдастырамыз.  9 “Б” сынып оқушыларымен “Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті” тақырыбында пікірталас өтті. Іс-шараға Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Қасенова, педагог ұйымдастырушы М. Бектеміс қатысып, тақырып аясында пікір алмасу жүргізді. Ұлтаралық қарым-қатынас туралы және толеранттылық ұғымы жөнінде
СҰҚБАТ ЖҮРГІЗІЛДІ
15
февраль
2022
СҰҚБАТ ЖҮРГІЗІЛДІ
Біз білім алушыларымыздың құқықтық сауаттылығының жоғары болуына ықпал етеміз. Сол үшін барлық деңгейдегі шараларды қолға аламыз.  2"б", 3"б", 4"б" сыныптарының қатысуымен “Құқық дегеніміз не?” тақырыбында сұқбаттасу жүргізілді.  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп