01
сентябрь
2022
Білім күні құтты болсын!

Салтанатты жиынды мектеп директоры М. Бекбатырқызы ашып, құттықтады. Оқу жылының басталуы жөніндегі бұйрықпен таныстырды.
Республикалық, облыстық өнер байқауларының лауреаттары болған оқушыларымыз мектеп жайлы әндер шырқады.
1 сынып оқушылары ата-аналарының атынан Айжан Маукенқызы мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ақ жол, білім жолында сәттілік тіледі.
Білім ордамыздың ардагер ұстазы Бақытжан Қалмұрзаұлы мектеп ұжымы мен оқушыларды маңызды күнмен құттықтап, білім шыңына жетуге тілектестік білдірді.